
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбекті таныстырды.
Оның кәсіби медициналық білімі, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесімен денсаулық сақтау саласында басқарушылық тәжірибесі бар.
Г.Сабденбек әр жылдары басшылыққызметтер атқарды. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қоса «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚбасқарма төрағасының орынбасары болды.
Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқанын атап өткен жөн.
Бұдан бөлек ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды. Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған.
Бүгінге дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент директоры ретінде еңбек еткен.
Осы ретте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, қаражатты мақсатты әрі ашық бөлуге, сонымен бірге сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталатынын айта кеткен орынды.