2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы баспасөз конференциясы өтеді
Дүйсенбі күні, 11 ақпанда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы және Қаржы министрлігінің 2019 жылға арналған даму перспективалары туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан және әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.