
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған бірізді жұмысты жүргізіп келеді. Айталық, Электронды дүкеннің қызметін жақсарту бойынша шаралар қабылданды.
Сатыпалым процесінде барлығына тең мүмкіндік беру мен тауарларды қымбат бағамен сатып алуды тежеу үшін міндетті түрде алдын ала тапсырысты ресімдеу тәртібі қарастырылған.
Бұдан бөлек түрлі тауарларды біріктірілген лотқа қосудың алдын алған нақты жағдайлар байқалған. Тапсырысты рәсімдеудің әр нұсқасы бойынша қажетті іс-қимылдың нақты тәртібі бар.
Осы ретте жұмыстан тыс (түнгі) уақытта тапсырысты рәсімдеуге жол бермеу үшін аталған процесс сағат: 08.00-20.00 дейін жүзеге асырылатынын айта кетейік.
Тиісті бұйрық 2025 жылдың 19 желтоқсанынан бастап күшіне енді.
Бұл өзгерістер ашықтықты арттырып, процестің барлық қатысушысына түсінікті жүйені құруды көздейді.