
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті.
Оның барысында банктің 2025 жылдағы қызмет нәтижелері, сондай-ақ қазіргі және перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы айтылды.
Тараптар ЕАДБ-ның Қазақстандағы инвестициялық портфелін одан әрі ұлғайту мен еліміздегі қаржы нарығын нығайтатын құралдарды кеңейтудің стратегиялық басымдықтарын талқылады.