Қымбатты отандастар! 16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қымбатты отандастар! 16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік – туымызды тіктеп, туған жердің тұғырын биіктетін ең ұлық мерекелердің бірі. Еркіндік пен елдігіміздің ажырамас символына айналған осы датаны атап өтудің мән-маңызы бөлек. Бұл күні Қазақстан күллі жаһанға азат мемлекет ретінде танылды.

16 желтоқсанда дербестігімізді сақтап, оны нығайту жолында аянбай еңбек еткен азаматтар ұлықталып, отаншылдық рух салтанат құрады.

Бүгінде елімізде қаржылық тұрақтылық пен экономикалық дамуға бағытталған реформалар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Мемлекеттік қаржы жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, әр қазақстандықтың еңбегі мен сенімі айрықша маңызға ие.

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз тыныш, халқымыз ынтымақты болсын! Әр шаңыраққа амандық, ырыс-береке, толайым табыс тілейміз.