ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (ІМАК) ұжымына комитет төрағасының жаңа орынбасары Құлмұханбет Исаковты таныстырды.

Қ.Исақов 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Алматы халық шаруашылығы институты мен Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдап шыққан.

Қаржы жүйесіндегі еңбек жолын 1992 жылы Алматыдағы Мемлекеттік салық инспекциясында маман болып бастаған. 2007 жылға дейін инспектордан бастап қалалық салық комитетінде басшыға дейін көтеріліп, жеке тұлғалардың аудиті және акциздер бойынша сектор, бөлім мен басқарманы басқарды.

Ал 2008 жылдан 2025 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында басшылық қызметте болып, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында салық басқармалары мен департаменттерін басқарды.

Биыл шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендіру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.