
Бішкекте Түркі инвестициялық қорының (ТИҚ) Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысыөтті. Алқалы жиында жылдық әрі аудиттен өткен қаржылық есептерді қоса алғанда, ұйымның 2024 жылғы қызмет нәтижелері қаралды.
Осы ретте Басқарушылар кеңесі ТИҚ артықшылыққа ие несие беруші мәртебесін мақұлдағанын айта кетейік. Бұл оның институционалды рөлін күшейтіп, жобаларды жүзеге асырудың тұрақтылығын арттырады. Бұдан басқа Басқарушылар кеңесіндегі жұмыс рәсімдерінің ережелері бекітілді.
Іс-шараға ҚР Қаржы вице-министрі, ҚазақстанБасқарушысының орынбасары Дәурен Кеңбеил қатысты.
Түркі инвестициялық қоры түркі мемлекеттері арасында экономикалық даму мен сауданы ынталандыру үшін құрылған халықаралық қаржыұйымы болып саналады. Ұйымға Әзербайжан, Мажарстан (Венгрия), Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.
Қазақстандық тараптың қатысуы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін байқатады