
15 қараша – Қазақстанның Ұлттық валюта күні мен Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құтты болсын!
Теңге – Тәуелсіздігіміздің тартуы, қаржы-экономикалық дербестік пен тұрақтылықтың нышаны. 1993 жылы 15 қарашада айналымға енген төл валютамыз Қазақстанның қаржы саясатын қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Қаржы жүйесінің қызметкерлері – ел қазынасын басқарудағы сенімді тірек, орнықты даму мен өркендеуге жол бастайтын кәсіби мамандар. Қаржыгерлердің қажырлы еңбегі мемлекетімізді көркейтіп, мәртебесін арттыруға септігін тигізіп келеді.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, жаңа жетістіктер мен табыс тілеймін!
Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Ізгі тілекпен,
Мәди ТАКИЕВ,
ҚР Қаржы министрі