Қаржы министрлігінде кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиын өтті

Қаржы министрлігінде кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиын өтті

Елімізде 15 қараша – Ұлттық валюта күні мен Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде белгіленген. Осыған орай министрлікте ведомство басшысы Мәди Такиевтің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізіліп, отандық қаржы саласына үлес қызметкерлерлер марапатқа ие болды.

 Алдымен көпшілік назарына Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуы жайлы арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды. Салтанатты жиынның ресми тұсын ашқан ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев бұл күннің тарихи маңыздылығына тоқталды. Мәди Төкешұлы айтқандай, 15 қараша егемен еліміздің қаржы-экономикалық еркіндігін еске салатын айрықша күн. «Төл валюта еліміздің орнықты дамуы мен экономикалық қауіпсіздігінің берік негізіне айналды», деді министр.

Бұдан кейін М.Такиев мемлекеттік қаржы саласының өркендеуіне үлес қосқан бірқатар қызметкерге ведомстволық және арнайы марапаттарды табыс етті. Сонымен қатар кәсіби мерекеге орай шахматтан ұйымдастырылған Finance Chess Cup-2025 сайысында топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлер де ведомство басшысының қолынан тиісті марапаттарын алды.

Мерекелік жиын астаналық өнерпаздар дайындаған концертке ұласып, іс-шара мәдени бағдарламамен тәмамдалды.