ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысымен кездесті

ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысымен кездесті

ХВҚ-ның Қазақстанның билік өкілдерімен консультация өткізу жөніндегі жыл сайынғы миссиясы ұйым жарғысының IV бабына сәйкес жүзеге асырылатынын айта кетейік.

Кездесуге Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысы Әли Әл-Эйд, бас экономист Грегорио Импавидо, сондай-ақ қордың басқа да сарапшылары қатысты.

Дәурен Маратұлы ұйым өкілдеріне елімізде тұрақты миссиялар мен консультацияларды өткізіп келе жатқанына, сонымен қоса Қазақстанның мемлекеттік органдарына техникалық көмек көрсеткеніне ризашылығын жеткізді.

Бұдан бөлек тараптар 2025 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы мен 2026 жылға арналған жоспарларды әрі салық-бюджет саласындағы реформалардың барысын талқылады.

Кездесуде ХВҚ техникалық көмек көрсету мәселелеріне ерекше мән берілді. Айталық, екі жақ мемлекеттік қаржы статистикасын халықаралық стандарттарға сай келтіру мен бюджет деректерінің ашықтығын арттыруға айрықша тоқталды.