
Қаржы министрлігінде спорт бастамаларын дамыту мен қызметкерлердің жарыстарға қатысуына ерекше мән берілген. Бірнеше жыл қатарынан ведомство өкілдері әкімшілік және мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадада көш бастап келеді. Биыл шахматтан сайыстарында да жүлделі орындар бұйырды. Ұлттық валюта күні қарсаңында елордада Finance Chess Cup-2025 салалық шахмат турнирі басталды.
Ауқымды доданы ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырғанын айта кетейік.
Турнирдің ашылуына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов пен Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов қатысып, шахмат логикалық ойлау, жоспарлау, тез шешім қабылдау мен ұжымда бірлесіп жұмыс істеу қабілетін дамытатынын атап өтті.
«Ұлттық валюта күні қарсаңында Finance Chess Cup додасын өткізудің символдық мәні бар - шахмат біздің саламызға жақын, неге десеңіз бұл ойын түрінде де терең талдау мен дәл болжам жасаудың маңыздылығы зор, сонымен қатар шахмат ұжымдық рухты нығайтады. Ақыл-парасатты талап ететін ойынды өткізу игі дәстүрге айналады деп үміттенеміз», деді Э.Ержанов.
«Finance Chess Cup 2025 бастамасын қуана қолдадық, өйткені Қазақстандық шахмат федерациясы үшін инклюзия негізгі басымдықтардың бірі болып саналады», деді Kazchess бірінші вице-президенті Д.Сәдуақасов.
Жарыс «командаға команда» форматында өтеді (2 ер+1 әйел). Қатысушылар Швейцария жүйесіне сәйкес 9 тур рапид 15 + 10 тәсіліне сай уақытты бақылап өзара мықтыны анықтайды (бірінші кезектен бастап әр айналымға 10 секунд қосқанда 15 минут).
Бұл ретте жаз мезгілінде Finance Chess Cup 2025 іріктеу жарысы екі кезеңде өткенін атап өткен жөн:
тамыз айында - Қазынашылық және Мемлекеттік кірістер департаменттерінің аудандық басқармалары арасында;
қыркүйек айында - министрліктің аумақтық бөлімшелері арасында. Екінші кезеңде әр аймақтан бір жеңімпаз команда құрылды.
Шаршы тақта додасында министрліктің 30 командасы қатысып жатыр: министрліктің орталық аппаратының екі командасы – ОА-1 және ОА-2;
министрлік комитеттерінің төрт командасы - Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Мемлекеттік қазынашылық комитеті және Мемлекеттік кірістер комитеті;
ҚР ҚМ ведомстволық бағынышты ұйымдарының төрт командасы - «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС, Digital Silk Road Company ЖШС, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ;
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 20 команда бақ сынауда – Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының құрамалары.