10 қараша - Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні

10 қараша - Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні

Қазақстанда алғаш рет бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби мерекесі аталып өтуде!

Сіздердің ерен еңбектеріңіз – экономиканың ашықтығы мен тұрақтылықтың кепілі. Сала мамандарының кәсіби қарым-қабілеті мен дағдылары қаржы жүйесінде тәртіп орнықтырып, ресурстардың тиімді басқарылуы мен еліміздің сенімді дамуына жол ашады.

ҚР Қаржы министрлігі мәртебелі мамандық иелерінің жұмысын одан әрі жайлы және ашық етуге баса мән беруде. Біз бухгалтерлік есеп пен аудиттің заманауи стандарттарын белсенді түрде енгізіп, сертификаттау мен мамандардың біліктілігін арттыруға ден қойып келеміз, сондай-ақ есеп беру мен бақылаудың нақты ережелерін әзірлеуді қолға алдық.

Сіздердің қызметтеріңіз сенімге, тұрақтылыққа және кемел келешекке үмітпен қарауға негізделген. Бұл Қазақстан экономикасына әсер ететін маңызды фактор.
Төл мерекеге орай сіздерге толағай табыс мен амандық тілейміз! Жауапкершілігі мол қызметте абыройларыңыз биіктеп, мәртебелеріңіз өсе берсін.

Мереке құтты болсын!