Қазақстанның цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні құтты болсын!

Қазақстанның цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні құтты болсын!

ҚР Қаржы министрлігі азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара байланысын озық әрі жайлы ету үшін цифрлы сервистерді белсенді дамытып келеді. Ауқымды жобалардың арасында: Smart Data Finance, кеден қызметін цифрландыру, Электронды мемлекеттік сатыпалым жүйесі, Онлайн бюджеттік мониторинг, Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы және «е-Қаржымині» жүйесінің орны бөлек.

Кез келген цифрлы шешім мен енгізілген технология – ұлттық экономиканың тамырына қан жүгіртіп, азаматтардың өмірін жақсартуға қосқан қомақты үлес.

Осы ретте мәртебелі мамандық иелеріне сарқылмас шабыт, тың жобалар мен жаңа кәсіби белестерді бағындыруды тілейміз!

Абыройларыңыз биіктей берсін!