
Елордада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылып, салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук қатысты.
Жаңа нысанның лентасын ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басқарушы директоры Андрей Широков қиып, осылайша жаңа штабтың жұмысы ресми түрде басталды.
Аталған штаб-пәтер Еуразия аймағындағы қаржылық тұрақтандыру мен дамудың негізгі платформасы ретінде қордың әлеуетін нығайтып, оның орталық операциялық-талдау орталығына айналады.
Іс-шараның аясында ЕТДҚ қызметі жөнінде, оның басым бағыттары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы презентация таныстырылды.
Ашылу салтанатына қорға мүше елдердің, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.