Қазақстан мен Дүниежүзілік банк орнықты даму жолында

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк орнықты даму жолында

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша жаңа өңірлік директоры Наджи Бенхасинмен кездесті. Бұл ретте ол Татьяна Проскурякованың орнына келгенін айта кетейік.

Сондай-ақ кездесуге Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев, Қазақстан бойынша халықаралық қаржы корпорациясының менеджері Зафар Хашимов және аға операциялық директор Янина Ермакова қатысты.

Мәди Төкешұлы Наджи Бенхасинді қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, еліміздің ДБ-пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұған қоса бірлескен жұмыстың басым бағыттары талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жүйелі диалогты жалғастыруға және Қазақстанның орнықты дамуына ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін растады.