Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымына жаңа басшы Медет Абиев таныстырылды.

Медет Мәденұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің және Қазақ-орыс халықаралық университетінің түлегі. Ол «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» әрі «құқық» мамандықтары бойынша білім алған.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жүйесінде 20 жылдан артық жұмыс істеп келеді. М. Абиев жетекші маманнан бастап Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, еңбек еткен.