Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомствоның қолдауымен «жаңа қаржы бағдарламасы» жүзеге асырылып жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын әрі жалған екенін хабарлайды

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомствоның қолдауымен «жаңа қаржы бағдарламасы» жүзеге асырылып жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын әрі жалған екенін хабарлайды

Осы ретте ҚР Қаржы министрлігінің жарияланған ақпараттарға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ жекелеген сайттар, мессенджерлер немесе әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға төлемдерді жасамайтынын, инвестициялар немесе гранттар бойынша бағдарламаларды жүргізбейтінін айта кетейік.

Мемлекеттік органдардың барлық бастамасы тек ресми ресурстарда жарияланады.

Бұл орайда азаматтарға күдікті сілтемелерге өтпеуін, сондай-ақ жеке мәліметтерді енгізуден сақ болып, белгісіз тұлғалардың шоттарына ақша аудармауын сұраймыз.

Күмәнді схемалар анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе «1414» Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, аталған фактілер жөнінде жеткізуге кеңес береміз.