
Бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшы Ринат Мәжитұлы Құдайбергенов таныстырылды.
Ринат Мәжитұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Экономика» және «Құқық» мамандықтары бойынша тәмамдап шыққан. Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл. Оның ішінде 20 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді.
Ұзақ уақыт мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет еткен. Ал 2023 жылдан бастап Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болған.