Қымбатты отандастар!

Қымбатты отандастар!

Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – халқымыздың бірлігін нығайтып, ынтымағын жарастырған, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, еліміздің өркендеуін айқындайтын ұлттық мереке.

Бұл мереке күні ел тарихындағы маңызды саяси құжат – Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Ол еліміздің тәуелсіздігіне жол ашты. Зайырлы мемлекет ретінде құқықтық өзгерістерге жаңа серпін берді. Республикамыздың қаржы-экономикалық, саяси-әлеуметтік дамуына оң әсер етті.

Ұлттық мереке отандастарымыздың ауызбіршілігін нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға негіз болып келеді.

Осы орайда, Республика күнімен құттықтай отырып еліміздің әрбір азаматына бейбіт өмір, бақытты болашақ, береке-бірлік пен мол табыс тілеймін!

Дәулетіміз тұрақты, халқымыз ынтымақты болсын!

Егемен еліміз өркендей берсін!

Құрметпен,

ҚР Қаржы министрі           Мәди ТАКИЕВ