Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

ҚР Қаржы министрлігінде 25 қазан - Республика күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Бұл – халқымыздың тәуелсіз елді құру жолындағы тарихи таңдауын айқындайтын маңызды күн. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация еліміздің азаттығына жасалған алғашқы қадам болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесін иеленіп, жаңа мазмұнмен қайта жаңғырды.

Іс-шара барысында Қаржы министрі Мәди Такиев сөз алып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген министрлік қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
Мемлекеттік қызметте адал еңбек етіп, кәсіби міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар қызметкер ведомстволық құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

25 қазан – Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайту жолындағы азаматтардың еңбегін айрықша бағалайтын мереке.
Аталған мереке әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін оятатын ұлы күн.