Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы – Шыңғыс Әнуарбековті таныстырды.

Шыңғыс Әлібекұлының салық қызметіндегі кәсіби тәжірибесі мол. Ол еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінде маман болып бастаған.

Бұған қоса әр жылдары Алматы қаласы, Жамбыл, Ақмола және Қостанай облыстары бойынша салық департаменттерінде басшылық қызметтер атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарған.