ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов МКК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне жаңадан басшыны - Аманжол Жақановты таныстырды.
Аманжол Жақановтың салық органдары жүйесіндегі еңбек өтілі 25 жылдан асады. Ол 1997 жылы Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде маманы болып жұмыс істеп, Лисаков қаласы мен Әулиекөл ауданының салық басқармаларында басшылық қызметтер атқарды. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында департаменттерді басқарды.
Қызмет еткен жылдары Аманжол Жақанов өзін салық және қаржылық бақылау саласында терең теориялық білімі мен практикалық тәжірибесі бар жауапты басшы ретінде көрсетті.