ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңадан тағайындалған басшысыны - Қ. Ж. Балтабековты таныстырды.
Оның салық және қаржы салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы салық инспекциясында маманнан бастап бас салық инспекторына дейін көтерілді.
Кейінгі жылдары Қ. Балтабеков Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының салық органдарында, сондай-ақ Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бірқатар басшылық қызмет атқарды. Ал 2022 жылдан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.