Әдеп алдын алу ретінде: ҚР Қаржы министрлігінің уәкілі өңірлерде мемлекеттік қызметшілерге арналған бірқатар семинарлар өткізді

Әдеп алдын алу ретінде: ҚР Қаржы министрлігінің уәкілі өңірлерде мемлекеттік қызметшілерге арналған бірқатар семинарлар өткізді

Мемлекеттік қызметте кәсіби әдеп нормаларын сақтау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар қоғамның қаржы жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін және азайтуға және мүдделер қақтығысын төмендетуге көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкіл Камшат Арыстанбекова өңірлерге барған кезде жүргізеді.

Мәселен, ол 2025 жылғы қыркүйекте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облысында Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Бұдан басқа, аталған өңірлердің мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармаларының қызметкерлерімен: Ұлан, Жарма, Қызылжар, Тайынша, Зеренді, Бұланды, Ерейментау аудандарында, сондай-ақ Екібастұз қаласында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.

Өңірлерде Камшат Арыстанбекова мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                     іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес берді. Жұмыс кездесулері барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі, қызметтік тәртіп, кәсіптік әдеп нормалары, мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сондай-ақ азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынас мәдениетін арттыру сияқты тақырыптар талқыланды.

Бұл кездесулер нормативтерді талқылау ғана емес, мемлекеттік қызметтің құндылықтары: адалдық, ашықтық, азаматтарға құрметтеу туралы ашық диалог болды. Шынында да, қателіктердің алдын алу және олардың күнделікті жұмысында мамандарды қолдау сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ кәсіби ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз - мәселе туындамай тұрып қызметкерлерге кеңес беру. Біз мүдделер қақтығысы немесе қызметтік тәртіпті бұзу тәуекелі болуы мүмкін жағдайдан дұрыс шығуға көмектесеміз. Бұл тек мемлекеттік қызметшілердің өзі үшін ғана емес, азаматтардың сенімін нығайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру үшін де маңызды», – екенін ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова атап өтті.