Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының Парламентіне алғаш рет ұсынылды

Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының Парламентіне алғаш рет ұсынылды

Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасының құрамында Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылды.

ҚР Қаржы министрлігі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті әзірлеу және енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Оның қорытындыларын республикалық мемлекеттік органдардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі мамандары 6 және 7 қазандағы онлайн-семинарлар барысында талқылады.

60-тан астам сарапшы туындаған сұрақтарға толық жауап алып, іс-шара барысында Азия даму банкінің консультанты, экономика ғылымдарының докторы Г.Төлешова ұсынған жүргізіліп жатқан реформаның таныстырылымымен және тәуелсіз бағалауымен танысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен және Бюджет кодексіне енгізілген толықтырулармен (3, 60, 61-1, 74, 75-баптар) бюджеттік жоспарлау сатысында болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша тұжырымдамалық талаптар айқындалды және республикалық бюджет бойынша - 2020 жылдан бастап, жергілікті бюджеттер бойынша – 2023 жылдан бастап енгізу мерзімдері белгіленді.

Қаржы министрлігі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік жөніндегі жаңа әдіснаманы ХВҚ, АДБ, ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып әзірледі.

Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша ақпараттың түсініктілігіне, орындылығына, сенімділігіне, салыстырымдылығына, шоғырландырылған қаржылық есептілікке және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне негізделеді.

Кассалық әдіс, есептеу әдісі және шығыстар лимиттері бойынша деректердің өзара байланысы нәтижесінде - болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары деңгейіндегі жаңа бюджеттік рәсімдер бюджет мүмкіндіктерін бағалай отырып, үш жылдық кезеңге жоспарланған шығыстардың негізділігі бойынша талдамалық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Оны қалыптастыруды сынақтан өткізу үшін 2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін Қаржы министрлігінің жүйесі бойынша «пилоттық» жоба жүргізілді. «Пилоттық» жобаның нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде (МЖАЖ) «Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік» модулі әзірленді.

 

АДБ техникалық қолдауымен мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігі: қолданудың практикалық аспекті» әдістемелік оқу құралы шығарылды.