ҚР Қаржы министрлігінде корпоративті мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған спорт пен саламатты өмір салтын дамытуға айрықша ден қойылған. Ведомство қызметкерлері түрлі жарыстарға қатысып, үнемі жоғары нәтижелерге жетіп келеді. Бірнеше жыл қатарынан министрліктің құрама командасы республикалық спартакиадада көшбасшылардың қатарынан көрініп жүр. Айталық, төрт жыл бойы қаржыгерлер құрамасы үстел теннисі мен тоғыз құмалақтан қарсылас шақ келтірмей, көш бастап тұр.
Биыл орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиадаға 26 мемлекеттік ұйымның қызметкерлері қатысты. Қаржы министрлігі осы жылы да жарысқа жақсы дайындықпен келіп, ұжымдық ауызбірліктің арқасында жоғары нәтижелер байқалды.
Жалпыкомандалық есепте ведомствоның командасы 3 орынды иеленді. Қызметкерлер спорттың сегіз түрінен өнер көрсетіп, ауыз толтырып айтарлықтай жетістерге қол жеткізді.
Шахмат – 1 орын (Гүлнұр Ақылбекқызы Әшімова, Андрей Төлеуғалиұлы Байскаков)
Үстел теннисі – 1 орын (Дәулетбек Алтайұлы Ғабитов, Адина Бахтиярқызы Жұмамұратова)
Қазақ күресі – 2 орын (Данияр Маратұлы Алтынбаев)
Футзал – 2 орын (команда капитаны Ануар Ерғалиұлы Қалиясов)
Тоғызқұмалақ – 6 орын (Асқар Айдос Асқарұлы, Айдана Қуанышқызы Оңайғалиева)
Армрестлинг – 6 орын (Тахир Сержанұлы Шукралиев 90 кило 3 орын)
Волейбол – 8 орын (команда капитаны Исмагулов Сейілхан Қалиақбарұлы)
Баскетбол – 11 орын (команда капитаны Берік Жәнібекұлы Келесбаев)
Спартакиада тек тәнді шынықтыратын сайыс қана емес, бұл сонымен бірге командалық рухты нығайтып, кез келген ұжымдағы ынтымақты арттырып, мемлекеттік қызметшілер арасында саламатты өмірді қалыптастыруға әсер ететін тиімді алаң.