Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үшжақты меморандумға ҚР Қаржы министрлігінің, түркітілдес елдер кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабының және Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың өкілдері қол қойды.

Келісімнің мақсаты ҚР Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын әзірлеу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру, Министрліктің бизнес пен халық сұрауларына ден қою жұмысының ашықтығы мен жеделдігін арттыру болып табылады.

"ҚР Қаржы министрлігі ұжым ішінде де, қазақстандық қоғамда да, бизнес ортада да, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында да сыбайлас жемқорлыққа толық төзбеушілік атмосферасын құруға мүдделі. Біз жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз, диалогқа ашықпыз және осы бағыттағы кез келген көмекке қуаныштымыз", – деп атап өтті ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Айдын Ашуев.

ҚР ҚМ атынан меморандумға жауапты хатшы, комитеттердің төрағалары және Министрліктің аумақтық департаменттерінің басшылары, "Түркітілдес мемлекеттер кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабы" ЗТБ атынан вице – президенттер Руслан Асылбеков пен Лаззат Құсайынова, сондай-ақ "Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов қол қойды.