МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы хабарлама

МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы хабарлама

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы  Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «IMEI кодтары арқылы мобильді құрылғыларды тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру» МЖӘ жобасына әлеуетті жекеше әріптестің бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.

Жобаның мақсаты мобильдік құрылғыларды анықтау процестерін оңтайландыру және SIM-карталарды қолдайтын, елге импортталған барлық мобильдік құрылғылар бойынша кедендік және салықтық төлемдерді тиімді жинауды қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаның міндеттері:

1) электроника нарығының ойыншыларына адал және салауатты бәсекелестік үшін жағдай жасау;

2) салық салынатын құрылғылар санын арттыру есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту;

3) мобильді құрылғыларды ұрлауды нөлге дейін жеткізу;

4) әлеуетті терроризмге қарсы алдын ала күрес үшін тиімді процестерді қалыптастыру болып табылады.

МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде бірыңғай автоматтандырылған жүйені құру және оның жұмыс істеуі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің болжамды көлемі:

1) заңды түрде әкелінген мобильдік құрылғылардың тізілімін жүргізу (әкелінген өнімнің саны туралы деректерді қабылдау);

2) ұялы байланыс операторларына қосылатын мобильді байланыс құрылғысының заңдылығын тексеру үшін деректерді ұсыну;

3) заңсыз әкелінген мобильді байланыс құрылғыларын анықтау;

4) заңсыз әкелінген мобильді байланыс құрылғылары туралы деректерді салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету бойынша кеден ісі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органға беру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 10 (он) жыл.

Дайындық кезеңі-2020 ж.;         

Жобаның толыққанды жұмыс істеу кезеңі 2021-2030 ж. ж.

Жобаны іске асыру орны: Нұр-сұлтан қаласы, және Қазақстан Республикасының барлық аймақтары.

Мемлекеттік қолдау шаралары:

Жекеше әріптестің қызметтерін тұтыну кепілдігі түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары және ақпараттық жүйелерді интеграциялауға ықпал жасау сұралады.

Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:

МЖӘ жобасы бойынша Мемлекеттік әріптестің шығындарды өтеуі көзделмеген;

Жекеше әріптестің кірістері коммерциялық секторға қызметтер көрсету есебінен қамтамасыз етіледі.

Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілілігі:

Жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылмайды.

Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар:

- Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Баламалы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 135-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттарды қамтуға тиіс;

- құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

- төлем қабілеттілігінің болуы, салықтық берешегінің болмауы;

- МЖӘ шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

- таратылуға жатпайды, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс

Әлеуетті жекеше әріптестердің өз сипаттамалары мен параметрлері бойынша баламалы ұсыныстары осы хабарламада көрсетілген тең немесе одан жоғары (мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуға тиіс.

МЖӘ жобасын іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, тиісті құжаттарды «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс.

Уәкілетті тұлғалар:

Бетризова Алия Ахмедовна – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және активтер департаментінің басқарма басшысы,
е-mail: a.betrizova@minfin.gov.kz, тел: 8(7172)75-02-42;

Ыбрай Омархан Сүйінбекұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және активтер департаментінің бас сарапшысы,
е-mail: o.ybyrai@minfin.gov.kz, тел: 8(7172)74-96-10.

Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.