Қоғамдық кеңесте министрліктің қызметіндегі өзекті мәселелер талқыланды

Қоғамдық кеңесте министрліктің қызметіндегі өзекті мәселелер талқыланды

ҚР Қаржы министрлігінде Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы қаралды.

Аталған жиынға қоғамдық кеңестің мүшелері, кейбір салалық ҮЕҰ өкілдері мен ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Отырыс кезінде Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының теңгерімі сақталғанын айтып, оның қолданыстағы Бюджет кодексінде белгіленген барлық нормаға сәйкес келетінін жеткізді.

Жиынды қорытындылаған кеңес мүшелері маңызды мәселелер бойынша белсенді диалог пен пікір алысуға мүмкіндік берген министрлік өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.