Темекі өнімдерін таңбалау мен олардың қадағалануын енгізу туралы

Темекі өнімдерін таңбалау мен олардың қадағалануын  енгізу туралы

2020 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін (фильтрлі темекі) міндетті таңбалау енгізіледі.

Темекі өнімдерінің басқа түрлерін (таяқшалар, сигаралар, сигариллалар, қыздырылған темекі және т.б.) таңбалау қажеттілігі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілді.

Мiндеттi таңбалау енгiзiлген күнге қоймалардағы және дүкендердегі таңбаланбаған темекi өнiмдерiнiң қалдықтарын айналымға қатысушылар міндетті таңбалау енгізілген күннен бастап бiр жыл iшiнде сатуға жатады.

Темекі өнімдерін таңбалау тауар айналымының ашықтығын арттыру, адал бәсекелестікті қолдау, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау, көлеңкелі экономика көлемін азайту, зияткерлік меншік құқығын сақтау және бюджетке салықтық түсімдерді ұлғайту үшін тауарларға Data Matrix кодын қолдану арқылы жүргізіледі.

Таңбалау тұтынушыға сатып алынған тауары туралы толық ақпарат алуға және өзін контрафактіліктен сақтандыруға мүмкіндік береді.

Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидалары және оларды еліміздің аумағында одан әрі қадағалану тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі No 927 бұйрығымен айқындалған.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдерін таңбалауды оларды өндіруші жүзеге асыруы тиіс. Елімізден тысқары жерлерде шығарылатын темекі өнімдерін таңбалауды, сонымен қатар елге ішкі тұтыну үшін әкелінгенге немесе кері импортқа дейін немесе темекі өнімдері кедендік рәсімдермене орналастырылғанға дейін импорттаушының міндеттеріне жүктеледі.

Темекі өнімдерін таңбалау мәселелері бойынша егжей-тегжейлі ақпараттарға https://www.ismet.kz/ru/main/about-marking сайтында, https://www.facebook.com/markirovka.kz және https://t.me/markirovkatovarov ресми әлеуметтік парақшаларында қол жетімді немесе 8 (800) 080-65-65 (қоңырау шалу тегін) телефонынан толық ақпарат алуға болады.