Қостанайда жаңа Салық кодексін енгізу мәселелеріне байланысты өңірлік семинар болып өтті. Оған аграрлық сектордың, шағын және орта бизнестің 350-ден астам өкілі, сондай-ақ салық қызметінің мамандары мен кеңесшілер қатысты.
Қостанай – аграрлық секторы жолға қойылған еліміздегі жетекші өңірлердің бірі. Мұнда фермерлік және шаруа қожалықтардың едәуір бөлігі шоғырланған. Сол себепті семинарда талқыланған негізгі мәселелер агробизнеске арналған салық қолдау шаралары, арнайы режімдердегі өзгерістер және цифрлы шешімдерді енгізу қатысты болды.
Негізгі жаңашылдықтар жөнінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов мұқият айтып берді. Ол салық жүктемесін азайту мен кәсіпкерлерге фискалды сервистердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған өзгерістер туралы жеткізді.
Маңызды өзгерістердің қатарында:
Өз кезегінде семинарға қатысқан азаматтар жаңа нормаларды тәжірибеде қолдану, жаңа мөлшерлемелер бойынша салықты есептеу, цифрлы сервистерді пайдалану тәртібі және бұрын тапсырылған декларацияларды түзету мәселелеріне қатысты сұрақтарды қойды.
Спикерлер барлық сұраққа жауап беріп, жыл соңына дейін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, МКК қосымшаларында оқыту модульдері іске қосылатынын түсіндірді.
«Жаңа Салық кодексінің негізгі мақсаттарының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ салық жеңілдіктері жүйесі арқылы экономиканың басымдыққа ие салаларын ынталандыру», деді Ж.Нұржанов.
Бұл ретте аталған семинар ведомствоның жаңа реформаны түсіндіруге бағытталған ауқымды ақпарат жұмысының бір бөлігі екенін айта кетейік. Мұндай кездесулер бизнеске жаңа жағдайға тез бейімделіп, өз кәсіптерін тиімді жоспарлауға жол ашады.
Келесі семинар 20 тамызда Ақтөбе қаласында өтеді.