2026 жылдан бастап өндірушілер мен импорттаушылар ТҰК қолдануға міндетті болады

2026 жылдан бастап өндірушілер мен импорттаушылар ТҰК қолдануға міндетті болады

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысып, мемлекеттік қаржыны цифрлы трансформациялау бағытындағы негізгі жоба — «Тауарлардың ұлттық каталогы» мемлекеттік деректер базасын (ҰКТ МДБ) енгізу жөнінде айтып берді.

Тауарлардың ұлттық каталогы - еліміздегі барлық тауардың бірыңғай цифрлы эталоны. Онда әр тауар бірегей GTIN/NTIN кодымен белгіленіп, бұл мәлімет сауда мен кеденнен бастап мемлекеттік сатып алулар мен бюджетті жоспарлауға дейінгі барлық негізгі процесте қолданылатын болады.

Қазіргі таңда:
• Қазір базада 15 млн тауар бар. Күн сайын 10+ млн чек туралы мәліметтер келіп түседі.
• Каталог қазірдің өзінде ретейлмен, сауда алаңдарымен, ФДО, БКМ, ЭШФ, кеден, мемлекеттік жоспарлау және тауарларды есепке алу жүйелерімен байланыстырылған.
• Бизнеспен 11 API-сервис интеграцияланды.
• Қолданыстағы анықтамалықтардағы он мыңдаған код салыстырылды.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық өндіруші мен импорттаушылар тауарларды ТҰК-да тіркеуге міндетті болады. Тиісті заңға қол қойылып, жол картасы әзірленді.

ТҰК артықшылықтары:
• Тауар айналымының ашықтығы.
• Сапа мен жарамдылық мерзімін бақылау.
• Контрафактіге қарсы күрес.
• Мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына қатысуды жеңілдету.


«Тауарлардың ұлттық каталогын енгізу сауданың 20 жуық саласын қамтиды және бірыңғай деректер стандартын жасайды, бұл басқарудың тиімділігін арттырып, тұтынушыларды қорғау мен бизнестің жұмысын жеңілдетеді», деді Әсет Нұрланұлы.