Мемлекеттік сатып алу порталы - ашықтық пен тиімділіктің кепілі

Мемлекеттік сатып алу порталы - ашықтық пен тиімділіктің кепілі

Биыл қаңтардан бастап елімізде мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, сатыпалым рәсімдерін жеңілдету мен одан әрі автоматтандыруға бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енген болатын.

Аталған заңның ережелерін іске асырудағы маңызды құралдардың бірі сатыпалым процесінің барлық қатысушысына арналған (мемлекеттік сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізуге септесетін) мемлекеттік сатып алу веб-порталы болып саналады.

Рәсімдерді толық цифрландыру арқылы (жоспарлаудан бастап келісішарттағы міндеттемелерді орындауға дейін рәсімдер автоматтандырылған) веб-портал барлық мүдделі тарап үшін ашықтықтың, есептіліктің және ақпарат қолжетімділігінің кепіліне айналды.

Айталық, 2025 жылы осы реформаға сәйкес веб-порталда:

- конкурс өткізу мерзімі (конкурс құжаттарын талқылау 5 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау 10 3 жұмыс күніне дейін) азайтылды;

- сатып алу қорытындыларына шағымданудың жаңа тәртібі жолға қойылды. Сатыпалымды жедел жүргізу мен тиісті рәсімнің ұзаққа созылуын болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушылардың өздері қарайды;

- шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында осы субъектілерден  құны 50 000 АЕК аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға басымдық берілді;

-ішкі нарықты қолдау үшін ұлттық режімнен алып қоюды белгілеу жолымен веб-порталда отандық өндірушілерден тауарларды сатып алуға басымдық беру жалғасып келеді;

- бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері болып саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері болып саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған кезде веб-портал автоматты түрде қабылдамайды.

Бұдан басқа, бірыңғай оператордың базасында мемлекеттік, ұлттық компаниялардың және «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына қатысуға бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ететін (қолданыстағы goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz сатып алу алаңдарымен интеграциялау арқылы) бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы порталда:

- тіркелген пайдаланушылар саны - 18 мыңнан астам тапсырыс беруші, 102 мың қызмет көрсетуші;

- жасалған келісімшарттардың сомасы екі есе өсті 3,4 трлн теңгеден (2024 ж.) 7,2 трлн теңгеге дейін (2025 ж.);

- жасалған келісімшарттар саны 23%, яғни 870 мыңнан (2024 ж.) 1 072 мыңға (2025 ж.) дейін ұлғайды;

- берілген шағымдар саны 25%, атап айтқанда 22 мыңнан (2024 ж.) 16 мыңға (2025 ж.) дейін азайды;

- отандық тауар өндірушілермен жасалатын келісімшарттардың сомасы 137%, яғни 150,8 млрд теңгеден (2024 ж.) 357,0 млрд теңгеге (2025 ж.) дейін ұлғайды.

Толық цифрландырудың арқылы сатып алу процесіндегі әрбір қадам электронды жүйеде тіркеледі және порталда автоматты түрде сақталады. Аталған жүйе бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Мұнда барлық қызмет ұсынушыға тең мүмкін берілген. Бұл нарықтың жаңа қатысушыларына жол ашып, мемлекеттік сатыпалымның сапасы мен өсімін арттырады.

Сонымен қатар кез келген адам сатыпалым туралы хабарландыруларды, сауда-саттық нәтижелерін, жасалған келісімшарттар мен тапсырыс берушілердің әрекеттерін бақылай алады. Бұл қоғамдық бақылауды күшейтіп, барлық процестің ашықтығын нығайта түседі.