ҚР Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру мақсатында Жезқазған қаласында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың қатысуымен көшпелі семинар өткізді. Аталған іс-шара «Атамекен» ҰКП өңірлік өкілдігінің қолдауымен Amanat партиясының облыстық филиалында ұйымдастырылды.
Осы арқылы кәсіпкерлік қауымдастыққа жаңа реформада қарастырылған салықтық әкімшілендірудегі негізгі өзгерістерді жеткізіп, оның мән-маңыздылығы мен заңның бизнес пен тұтастай экономиканың орнықты дамуына әсері жөнінде ортақ түсінікті қалыптастыру көзделді.
Ұлытау – тау-кен ісі әрі металлургия өнеркәсібі жолға қойылған стратегиялық маңызы бар өңір. Айталық, Kazakhmys корпорациясы мен Жәйрем тау-кен байыту комбинаты сынды ірі салық төлеушілер бюджеттің кірісін қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарады.
Бұл ретте МКК-нің өкілдері аталған кодекстегі жүйелі тәсілдерді жан-жақты таныстырып, төмендегі мәселелерге баса мән бергенін айта кетейік:
Талқыланған өзгерістер салық жүйесінің ашықтығын, тиімділігін және әділдігін арттыруға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.
Осы орайда құзырлы орган азаматтарға салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттарды тұрақты түрде жеткізіп, іскерлік қауымдастық өкілдерімен ашық диалогты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратынын айта кеткен орынды.
Келесі семинар 13 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өтеді.