Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді

Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтеді

Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіруде. Мәселен, 2025 жылғы 24 маусымдағы № 321 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді.

Негізгі өзгерістер қазақстандық тауар өндірушілерді:

  • шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15-тен 60 күнтізбелік күнге дейін ұлғайту. Бұл міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылуын болдырмайды;
  • тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқарту. Бұл шара өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға мүмкіндік береді;
  • аванстық төлем мөлшерін 30 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайту бөлігінде қолдауға бағытталған.

Жалпы, аталған өзгерістер жергілікті өндірістің өсуін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.