Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы: парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы: парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Салауатты өмір салты, командалық жұмыс пен қоғамның әл-ауқатына қамқорлық қағидаттары - мемлекеттік қызмет этикасының маңызды құрауышы. Мәселен ҚР Қаржы министрлігі жас мемлекеттік қызметшілерді де, халықтың әлеуметтік осал топтарын да қолдау бойынша жұмыстар жүргізуде

2024 жылы және 2025 жылдың алғашқы бес айында Қаржы министрлігінің жүйесіне 1496 жас маман алғаш рет қабылданды. Оларға тез және сәтті бейімделу үшін жағдай жасалады: практикалық көмек көрсететін, тәжірибесі мен білімімен бөлісетін тәлімгерлер бекітіледі. Мұндай жүйе жас қызметкерлерге жұмыс процесіне тез араласуға, корпоративтік мәдениетті түсінуді қалыптастыруға және мемлекеттік қызметте дамуға ынтасын арттыруға көмектеседі.

Қаржы министрлігінің ұжымында аға буынға, балаларға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлер: қан донорлығына, балалар үйлері мен қарттар үйлерін қолдауға, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге арналған қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады.

Бұндай іс-қимыл қызметкерлердің моральдық кодексінің бір бөлігіне айналды - қоғамға пайдалы болуға деген шынайы ұмтылыс қызметтік міндеттерге жатпайды.

ҚР Қаржы министрлігі аумақтық бөлімшелерінің ұжымы жылдар бойы жүзеге асырып келе жатқан патронаттық қорғаншылық ведомствоның әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты болып табылады. Бұндай жүйелі жұмысқа балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық жасау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау кіреді. Министрлік қызметкерлерінің үнемі қатысуы нәтижесінде қамқорлыққа алынушылар материалдық көмек қана емес, сонымен қатар моральдық қолдауға ие болады, бұл олардың әлеуметтік бейімделуі мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін өте маңызды.

2012 жылдан бері ШҚО Қазынашылық департаментінің қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушісі Диана Бегалиеваны қамқорлыққа алды. Олар жыл сайын оның шотына бір күндік жалақысын аударып, 2018 жылы 18 жасқа толуына орай Диана жиһаз бен тұрмыстық техникамен жабдықталған пәтерге ие болды.

2018 жылдан бастап Карина Чимпулатоваға осындай қолдау көрсетіледі. 2025 жылға қарай оның шотында 15 млн. теңге жинақталды, ал 2026 жылы ол баспана алады.

Семей қаласынан Дамир Бейсембаевқа да дәл осындай көмек көрсетілді. Абай облысы департаментінің қызметкерлері оған баспана әперуге қаражат жинап қана қоймай, оның өміріне де белсенді қатысады - сыйлықтар береді, қонаққа барады және моральдық қолдау көрсетеді.

Бүгінгі таңда тиімді мемлекеттік қызмет - бұл кәсібилік пен нәтижелілік қана емес, сонымен қатар қоғамдық өмірге белсенді қатысу арқылы қалыптасатын имидж. Спорттық және имидждік іс-шаралар осы жұмыстың ажырамас бөлігіне айналады, мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы беделін нығайтады, командалық рухқа және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Мәселен 2024 жылы Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметкерлері арасында өңіраралық спартакиада, ал 2025 жылы - Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Бұндай ауқымды оқиғалар командалық рухты ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесіндегі дене белсенділіктің маңыздылығын да көрсетеді.

Бұдан басқа ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілері өздерін кәсіби спортшылар ретінде көрсетуде. Мәселен СҚО-дан Ильдар Бимаканов Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсетіп, Норвегияда өткен Армрестлингтен әлем кубогының күміс және қола жүлдегері атанды. Ақтөбе облысынан Әйгерім Нұрмедин - ҚР Тоғызқұмалақтан екі дүркін чемпионы және әйелдер арасындағы Азия Кубогының иегері.

ШҚО-дан Алла Танюшкина - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, армрестлингтен Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем чемпионаттарының үш дүркін күміс және қола жүлдегері. Қостанай облысынан  Әлихан Ерімбаев - Ural Athletic Challenge турнирінің қола жүлдегері және ауыр атлетикадан спорт шеберіне үміткер.

ҚР Қаржы министрлігі қызметкерлерінің әлеуметтік және спорттық бастамалары мемлекеттік органдарға деген сенімді қалыптастыруға оң ықпал етеді, өзара көмек пен жауапкершілікке негізделген ұжымдық мәдениетті дамытады.