Қазақстанда 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні ретінде белгіленген. Кәсіби мерекеге байланысты ҚР Қаржы министрлігінде салтанатты жиын өткізіліп, қажырлы жұмыс атқарған бірқатар қызметкер министр Мәди Такиевтің қолынан марапат алды.
Мәди Төкешұлы жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген әріптестерін мерекемен құттықтап, бүгінде ведомствоның мамандары мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына аянбай тер төгіп келе жатқанын жеткізді.
Бұдан соң министр мүлтіксіз атқарған қызмет үшін ұжым қызметкерлеріне арнайы медаль табыстап, құрмет көрсетті.
Іс-шара соңы шағын концертке ұласып, өнерпаздар көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.