2025 жылғы 12 маусымда «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-да Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтіп, онда маңызды мәселелер қаралды. Олардың басым бөлігі аудиторлық қызметке, ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жобаларын іске асыруға қатысты болды.
Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, салалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары қатысты.
Кездесуді аша отырып, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров есепті кезеңдегі комитет жұмысының нәтижелері туралы айтып, пост-аудиттен алдын алу тәсіліне көшуді атап өтті. Ол нақты уақыттағы бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған цифрлық трансформацияға назар аударды.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ өкілдері ұйымның ағымдағы дамуы туралы айтып берді. Осылайша, жаңа цифрлық сервистер, арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне енгізу арқылы денсаулық сақтау саласындағы қызметті кеңейту, сондай-ақ басқа да бастамалар көрсетілді.
2025 жылға арналған негізгі бағыт жасанды интеллект, Big Data технологиялары мен бұлтты шешімдерді енгізуге баса назар аудара отырып Digital Finance цифрлық экожүйесін дамыту болып табылады. Сондай-ақ, бюджеттік процеске қатысушылардың цифрлық бейіндерін құру және отандық АТ-шешімдерді экспорттау жоспарлануда.
Отырыс соңында Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері Қаржы министрлігінің өкілдеріне сындарлы диалог, өзара іс-қимылға ашықтық және мемлекеттік қаржылық басқаруды цифрландыру жөніндегі басым міндеттерді талқылағаны үшін алғыс білдірді.