Қазақстан ШЫҰ аясындағы қаржылық ынтымақтастықты нығайтып келеді

Қазақстан ШЫҰ аясындағы қаржылық ынтымақтастықты нығайтып келеді

ҚР Қаржы министрлігі негізгі халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен әріптестікті белсенді нығайтып келеді. Бейжіңде ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесуіне қатысты.

Кездесуді аша отырып, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян ШЫҰ-ның көпжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы басты рөлін атап өтіп, ұйым ШЫҰ-ға қатысушы елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту үшін маңызды платформаға айналғанын атап өтті.

Іс-шара барысында ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл, қаржы интеграциясы және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бірлесіп қарсы тұрудың мәселелері талқыланды. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында макроэкономикалық саясатты біріздендіруге ерекше назар аударылды.

«Қазақстан ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты маңызды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады және негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді әріптестікті белсенді дамытуға мүдделі», деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.

Сондай-ақ Мәди Такиев ҚХР Қаржы министрі Лан Фоан мырзамен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар халықаралық қаржы нарықтарындағы қазіргі ахуал мен екіжақты қаржы қатынастарын кеңейту мәселелерін пысықтады.