Қаржы министрлігі балалар көзімен: шабыттандыратын экскурсия

Қаржы министрлігі балалар көзімен: шабыттандыратын экскурсия

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінде ерекше атмосфера орнады. Министрлік ғимаратында ұжым өз қызметкерлерінің балғын қонақтары — балаларын қарсы алды.

Кішкентай қонақтар ата-аналары қайда және қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көріп, мемлекеттік бюджет деген не, маңызды қаржылық шешімдер қалай қабылданатынын және мемлекеттік қызметшілердің ел үшін неге маңызды рөл атқаратынын білді.

Министрлік аппаратының басшысы Эрнар Ержанов балаларды мерекемен құттықтап, олардың атына жылы лебізін білдірді. Балаларға арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды: олар мәжіліс залдарын аралап, мұрағаттық құжаттармен танысты, министрліктің тарихынан мағлұмат алды.

Мұндай кездесулер — ата-анасының мамандығымен мақтануға себеп қана емес, сонымен қатар бала кезден бастап мемлекет игілігі үшін қызмет етудің мәнін сезінуге мүмкіндік.