31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бұл күні халқымыздың зұлмат жылдары басынан кешкен ауыр сынақ еске алынып, боздақтардың рухына тағзым етіледі. Республика аумағында талай жанның тағдырын тәлкек еткен «КАРЛАГ» пен «АЛЖИР» лагерлері болғаны тарихтан мәлім. Бүгінде олардың орны тоталитарлық режім құрбандарын еске алуға арналған ескерткішке айналды.
Ұлы дүрбелең кезеңінде миллиондаған халық туған жерінен күштеп көшіріліп, Қазақстаннан пана тапты. Көшпенді қазақ өзі қиналса да өзгені өзегінен тепкен жоқ. Керісінше бауырына басып, барымен бөлісті.
«Жұт жеті ағайынды», дегендей қилы заманда Алаш жұртын ашаршылық нәубеті жалмады. Дала өркениетінің өкілдері бұрын-соңды демографиялық апатқа ұшырап, жан сауғалап, жан-жаққа тарауға мәжбүр болды
31 мамыр барды бағалауға, тәуелсіздікті қадірлеп, әділдіктің бағасы қаншалықты болатынын еске салады. Өткеннен сабақ алып, өзекті өртейтіндей қателікке жол бермеу – баршамызға ортақ миссия. Отан үшін басын бәйгеге тіккен боздақтардың алдында мәңгіге қарыздармыз!