Астанада ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Каспий құбыр консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамытудың жолдарын талқылады.
Оның барысында Қаржы министрлігі мен аталған консорциум арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Қазақстан бюджетіне тұрақты салық түсімдерін қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. Бұған қоса республикалық бюджеттің ұлғаюына айтарлықтай үлес қосып жүрген еліміздегі ірі салық төлеушілерінің біріне айналған КҚК қызметіне де ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар республиканың аумағында КҚК бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы талқыланып, өңірлерді дамытуда корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығы туралы айтылды.