20-22 мамыр күндері Алжир қаласында (Алжир Халық Демократиялық Республикасы) Ислам даму банкі (ИДБ) Басқарушылар кеңесінің 50 жыл сайынғы отырысы өткізіліп, оған Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил қатысты.
Басқарушылар кеңесінің жалпы отырысында банктің операциялық қызметі туралы есептер мақұлданып, ұйымға мүше 57 елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі сын-қатерлер мен тың мүмкіндіктер талқыланды. Сонымен қатар ИДБ тобының 2026-2035 жылдарға арналған жаңа стратегиялық негіздемесі бекітілді.
Отырыс аясында ҚР Қаржы вице-министрі әрі Қазақстанның ИДБ-дағы балама басқарушысы ретінде ИДБ президенті Мұхаммед Әл-Джассермен кездесті. Оның барысында тараптар стратегиялық ынтымақтастықты нығайту, атап айтқанда «Климатты тұрақты ресурстарды дамыту, 1-кезең» (1-ші транш) жобасы бойынша келісімдердің қаржылық және техникалық шарттарына ерекше назар аударылды. Сонымен бірге тараптар еліміздегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру шарттарын қайта қарау мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылады.
Ал First Abu Dhabi Bank вице-президенті Жукка Пилман болған кездесуде сұқық (шариғат елдерінде таралған қаржы құжаты, облигациялардың исламдық баламасы) шығару, сондай-ақ еліміздегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері талқыланды.
Бұдан бөлек Дәурен Маратұлы стратегиялық сессияға қатысты: Дербес сұқық – ұлттық қаржыландырудың стратегиялық құралы, онда тәуелсіз ислам бағалы қағаздары нарығын дамытудың негізгі аспектілері қаралды.
Қазақстанның ИДБ-ның жыл сайынғы отырысына қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, исламдық қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту және еліміздің тұрақты дамуы жолындағы маңызды қадам болып саналады.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі