2024 жылғы түсімдерді талдау деректері бойынша Қаржымині бюджетке ең көп салық сомасын төлеген ТОП-50 салық төлеушінінің тізімін қалыптастырды.
№ |
Ұйымның аты |
Қорытынды сома (млн теңге) |
1 |
«Теңізшевройл» ЖШС |
3 055 959 |
2 |
"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." қазақстандық филиалы |
1 145 615 |
3 |
«Манғыстаумұнайгаз» АҚ |
304 530 |
4 |
«Казақстан Халық Банкі» АҚ |
259 072 |
5 |
«Азия газ құбыры» ЖШС |
224 891 |
6 |
«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС |
212 015 |
7 |
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалы |
210 781 |
8 |
«Өзенмұнайгаз» АҚ |
182 509 |
9 |
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС |
178 785 |
10 |
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС |
167 848 |
11 |
«Ембімұнайгаз» АҚ |
167 427 |
12 |
«Каражанбасмұнай» АҚ |
163 470 |
13 |
«Джей Ти Ай Казахстан» ЖШС |
160 478 |
14 |
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС |
154 576 |
15 |
«Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ЖШС |
142 644 |
16 |
«Казақмыс корпорациясы» ЖШС |
132 211 |
17 |
«СНПС - Актөбемұнайгаз» АҚ |
127 922 |
18 |
«Kaspi Дүкен» ЖШС |
118 348 |
19 |
«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС |
117 471 |
20 |
«Би Джи Карашығанақ Лимитед» филиалы |
114 349 |
21 |
«Казақтелеком» АҚ |
114 169 |
22 |
«Kaspi Bank» АҚ |
107 271 |
23 |
«PSA» ЖШС |
105 381 |
24 |
«Аджип Карачаганак Б.В.» филиалы |
105 027 |
25 |
«Altyntau Kokshetau» АҚ |
96 521 |
26 |
«Қаратау» ЖШС |
93 913 |
27 |
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ |
93 891 |
28 |
«Инкай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС |
91 119 |
29 |
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ |
85 615 |
30 |
«Оңтүстік тау-кен химиялық компаниясы» БК» ЖШС |
80 770 |
31 |
«ЦентрКредит Банкі» АҚ |
77 732 |
32 |
«КаР-Тел» ЖШС |
71 010 |
33 |
«Каспий Мұнай» АҚ |
70 544 |
34 |
«Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани» филиалы |
65 059 |
35 |
«Жасыл даму» АҚ |
64 918 |
36 |
«Тойота мотор Қазақстан» ЖШС |
64 642 |
37 |
«Қазгермұнай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС |
64 415 |
38 |
«Акбастау» бірлескен кәсіпорны» АҚ |
63 880 |
39 |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ |
60 696 |
40 |
«Бакыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС |
59 664 |
41 |
«Сенімді Құрылыс» ЖШС |
57 902 |
42 |
«RG Gold» ЖШС |
56 684 |
43 |
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ |
53 735 |
44 |
«Хорасан-U» бірлескен кәсіпорны» ЖШС |
53 499 |
45 |
«Катко» Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорны»ЖШС |
52 013 |
46 |
«Лукойл оверсиз Карачаганак Б.В.» филиалы |
51 962 |
47 |
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ |
50 979 |
48 |
«Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС |
50 269 |
49 |
«KEGOC» АҚ |
49 216 |
50 |
«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ |
46 763 |
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген кеңесте салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйелерін цифрландыру жөніндегі жұмыстардың барысы тыңдалды.
Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың дерегі бойынша, қазіргі уақытта фискалдық органдардың ақпараттық жүйелеріне қажетті деректерді беру үшін Smart Data Finance, СӘАЖ және Keden салықтық ақпараттық жүйелерін алты мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау жалғасуда. Жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне дейін жаңа салық жүйесін енгізу бойынша барлық тестілік және басқа да қажетті рәсімдерді бітіріп үлгеру үшін барлық интеграциялық жұмысты мүмкіндігінше тезірек тиянақтау қажет. Кеңесте толыққанды интеграцияға кедергі келтіретін барлық мәселе қаралды, оның қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекеттік органдарға барлық рәсімдік мәселені наурыз айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Smart Data Finance АЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға беру «e-Tamga» ҚҚС төлем жүйесінің жұмысын бастау үшін негіз болады. Бұл жүйе сатып алушы мен жеткізуші арасында, сондай-ақ бюджетпен өзара есеп айырысу кезінде ҚҚС төлемін жүргізуге арналған. Жүйедегі ҚҚС бойынша барлық төлем тек электрондық шот-фактура негізінде жүргізілді. Бұл ҚҚС төлеуден жалтаруды болдырмайды. Осы жүйенің арқасында ҚҚС қайтару қазіргідей 150 күн емес, 15 күн ішінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ ол адал бизнесті жосықсыз тәуекелді компаниялардан қорғауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің (СӘАЖ) АЖ базасында Қаржы министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп салық төлеушілерге қызмет көрсетудің проактивті сервистік моделін құрады. СӘАЖ-дағы салық төлеушінің жеке кабинеті салық төлеушілерге қызметтерді алуға және есептілікті қашықтан тапсыруға, декларацияларды кезең-кезеңімен, анықтамалармен және деректерді тексерумен толтыруға мүмкіндік береді. Жүйе екіжақты байланысты қамтамасыз етеді: мемлекеттік кіріс органының хабарламасына жауап беруге және салық органына бармай-ақ құжаттарды жүктеуге болады.
Қазіргі уақытта екінші тоқсанда аяқталуы жоспарланған СӘАЖ модульдерін кезең-кезеңімен көбейту жүріп жатыр. Болашақта қызмет көрсету моделі бірыңғай салық көмекшісін әзірлеу үшін жасанды интеллект көмегімен жетілдіріледі. Виртуалды салық көмекшісі бизнесті ашудан бастап жабуға дейін салықтық қолдауды қамтамасыз етіп, әрбір салық төлеушіге декларацияны алдын ала толтыруға, қолайлы салық режимін таңдау бойынша ұсыныс беруге, декларация тапсыру мен салық төлеу мерзімі туралы хабарлауға көмектеседі.
Сонымен қатар тұтынушының әрбір сатып алу үшін фискалдық чектерді талап етуге қатысты өз құқығы туралы хабардар болуын жақсарту үшін осы көктемде Қаржы министрлігі Salyq кэшбэк жобасын қайта бастауды жоспарлап отыр. Өткен жылы Salyq кэшбэк пилотты тұрғыда Семей қаласы мен Ақкөл ауданында сынақтан өткізілді. Оның көмегімен сатып алушылар фискалдық чек беру кезінде сатып алу сомасының 2%-ын алды. Пилоттық жобаның 5 айында чектер саны 222%-ға, ал тауарлар мен қызметтердің жалпы құны 132%-ға өсті. 75 млн теңге кэшбэк есептелді. Әсет Тұрысовтың хабарлауынша, 2025 жылғы 15 наурыздан бастап бұл жобаны Өскемен (ШҚО), Жетіқара (Қостанай облысы) және Жақсы ауданына (Ақмола облысы) кеңейте отырып, қайта бастау жоспарланып отыр.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң күшіне енген болатын. Сатыпалымның жаңа тәртібі жобаларды іске қосуды жеделдетіп, сыбайлас жемқорлықтың сын-қатерін азайту мен жергілікті бизнесті қолдауға бағытталған.
Мәселен, осы жылдың 11 наурызындағы жағдайға сүйенсек, 2 727,6 млрд теңге сомасына 554 240 келісімшарт жасалды.
Салыстырмалы түрде алсақ, былтырғы кезеңде 860,3 млрд теңге сомасына 327 206 келісімшарт жасалған-ды.
Бұған қоса рейтингті-балдық жүйені пайдалану арқылы конкурс жеңімпаздары 5-9 жұмыс күні ішінде анықталады.
Аталған әдіс жеңімпазды анықтау процесіне конкурстық комиссияның қатысуын қажет етпейді. Осы арқылы сыбайлас жемқорлық қатері сейіледі.
Мысалы, Астанадағы №3 қалалық аурухананың бірнеше ғимаратын күрделі жөндеуіне байланысты сатыпалымды өткізуге небәрі 6 жұмыс күні жеткілікті болды.
Келісімшарттың сомасы – 1,8 млрд теңге. Мердігер ұйым Астанада тіркелген.
Күрделі жөндеуге байланысты жоба инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар аурухананы жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандыруды да қамтиды.
Қысқа мерзім ішінде (6 жұмыс күні) Алматыдағы «Алатау» шағын ауданында сумен жабдықтау және су тарту желілерін салуға байланысты жергілікті мердігер анықталды.
Келісімшарттың сомасы – 702 млн теңге. Аталған жоба арқылы шағын аудан ауыз суменқамтылып, кәріз желісі ретке келтіріледі.
Сатыпалымның жедел жасалуын ескере отырып, мердігермен тиісті келісімшарт жасалды. Қажетті жұмыстардың аяқталу мерзімі 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Осы жобаға сәйкес суды өткізу қарқынын арттырып, оның сапасын жақсартумен бірге ағынды суларды бұруды жолға қою көзделіп отыр.
5,5 айдың ішінде Батыс Қазақстан облысындағы Қараөзен мектеп-лицейіне күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
Аталған жобаға сәйкес бөлмелер оқу кабинеттеріне келтіріліп, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру бойынша барлық жұмыс түрі іске асырылады.
Сатып алу рәсімдері 9 жұмыс күні ішінде өткізіліп, жеңімпаз ретінде жергілікті компанияанықталдРейтингті-балдық жүйе арқылы 7 жұмыс күні ішінде Жезқазған қаласының облыстық медициналық колледжін жөндеу үшін жергілікті мердігер анықталды.
Қазір студенттер контингентінің ұлғаюын ескере отырып, күрделі жөндеу жүргізудің шұғыл қажеттілігі туындап отыр.
Құны 564,8 млн теңге болатын жоба бойынша бөлмелерді тиісті талапқа сәйкес оқу аудиторияларына келтіру үшін барлық жұмыс түрі жүргізіліп, сондай-ақ аумақтар абаттандырылады.
Шымкентте 8 жұмыс күннің ішінде 3 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге жауапты жергілікті компания анықталды.
Бұл келесі оқу жылын 3 000 астам оқушығажөнделіп, жарақталған заманауи кабинеттердежәне жайлы ғимараттарда қарсы алуға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібі конкурсты өткізу мерзімін қысқартып, қызмет көрсетушілерге сатыпалымға қатысуға теңдей мүмкіндіктер берді, сондай-ақ жергілікті компанияларды қажетті жұмыспен қамтамасыз етті.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін және жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу арқылы салықтық міндеттемелерін оңтайландыратын салық төлеушілерді әкімшілендіруді жалғастыруда.
Талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді.
12 наурыздағы жағдай бойынша салық төлеушілер қосымша есептілік нысандарын тапсырып, салықтарын толықтыруда. Қазіргі таңда 17 млрд теңге төленді, оның ішінде BI Group және BAZIS компаниялары да өз төлемдерін жүзеге асырды. Деректерді салыстыру жұмыстары жалғасуда.
Бұдан бөлек, бірқатар ірі құрылыс компаниялары қаржылық ағындардың ашықтығы мен құрылыс саласындағы көлеңкелі схемаларды жою үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қаржыландыруға бастамашылық білдіруде.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Егер хабарламалар орындалмаған жағдайда, салық органдары кешенді салықтық тексерулер жүргізу туралы бастама көтеретін болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2025 жылдың 12-27 наурыз аралығында қаржы саласындағы ашық деректерге деген қажеттілік туралы сауалнама өткізеді. Осыған орай сауалнамаға қатысып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз!
Сауалнаманың сілтемесі: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6163
Бүгін Қаржы министрлігінде біздің тамаша аруларымызға арнап жылы сөздер айтылды. Министр Мәди Төкешұлы Халықаралық әйелдер күнімен қызметкерлерді құттықтап, қаржы жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлестерін атап өтті.
Қаржы министрлігінің арулары – бұл тек жоғары дәрежелі мамандар ғана емес, кәсібиліктің, жауапкершіліктің және ісіне адалдықтың үлгісі. Олардың еңбегі, даналығы және энергиясы еліміздің экономикалық болашағына әсер ететін маңызды шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді.
Еңбектеріңіз, күш-қуаттарыңыз және шабыттарыңыз үшін алғысымыз шексіз! Бұл күн сіздерге қуаныш, күлкі және болашаққа деген сенімділік алып келсін!
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
«Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру туралы»
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1 – қосымша);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (2 – қосымша);
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;
2) тиісті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 15 адам, оның ішінде 5 адам Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен, 10 адам коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы 6 наурыздан 26 наурызды қоса алғанда.Құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық пошта мекенжайлары: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 (4 кіреберіс, 517/1 кеңсе), e.kazimova@minfin.gov.kz, a.kurmanbaeva1@minfin.gov.kz
Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 751639, 750385.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік шығыстарды бағалауды, қаржылық есептілікті және оның климаттық өлшемін (Мемлекеттік шығындар және қаржылық есептілікті бағалау - PEFA) жүргізу бойынша жұмыс басталды.
Бағалау жүргізудің мақсаты-мемлекеттік қаржыны басқарудың қаржылық ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.
PEFA бағалауы Үкіметке мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын ұлттық деңгейде объективті бағалауға мүмкіндік береді және одан әрі реформалар үшін негіз жасайды.
Бұл бағалау Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.
Өз кезегінде Адриан Фоззард, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағындағы институттар бойынша тәжірибе жетекшісі және Чекдем Аким, Азия Даму Банкінің мемлекеттік сектор басқармасының директоры елдің мемлекеттік қаржыны қаншалықты тиімді басқаратынын, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктер мен инвесторлар үшін маңызды ақпаратты ұсынатын PEFA бағалауын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Қазіргі PEFA әдістемесі мемлекеттік қаржының "жасыл" экономиканы қаншалықты қолдайтынын және елдің климаттың өзгеруіне бейімделуіне көмектесетінін талдайтын Климаттық бағалауды (PEFA Climate) қамтиды. Сондай-ақ, серіктестер кейіннен бағалау ұсынымдарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
PEFA мемлекеттік қаржыны басқарудың бүкіл жүйесін, соның ішінде бюджеттеуді, шығындарды және аудитті бағалайды. Атап айтқанда, бағалау қаржылық есептіліктің ашықтығы, шығындар мен кірістерді болжау және жоспарлау, фискалдық стратегия, сыртқы бақылау және аудит, шығыстарды климаттық бағалау аспектілерін қамтиды.
Елдегі мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудағы негізгі рөлді ескере отырып, PEFA бағалау процесін Қаржы министрлігі үйлестіреді.
Семинар барысында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өткендей: "Қазіргі әлемде инвестициялар сенім бар жерге келеді. Экономикалық саясатқа, мемлекеттік институттарға, қаржыны басқаруға деген сенім. Сондықтан PEFA бағалауы шешуші рөл атқарады".
Сондай-ақ, бағалауға Жоғары аудиторлық палата, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, Ұлттық статистика бюросы, Ұлттық экономика, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрліктері қатысады.
Ағымдағы жылы PEFA бағалауы 2022-2024 жылдар кезеңінде жүзеге асырылады. Қазақстан үшін соңғы PEFA бағалауы 2018 жылы жарияланған болатын.
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) студенттері кәсіби мамандардан білім алып, қажетті дағдыны шыңдау мүмкіндігіне ие болады. Атап айтқанда, Қаржы вице-министрі дәріс оқыса, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (ІМАК) жастарға тағылымдама мен іс-тәжіребеден өтуге мүмкіндік береді. Мұндай өзара байланыс болашақ мамандарға шынайы кәсіби ортаға еніп, практикалық дағдыларды игеруге және мемлекеттік аудит саласындағы жұмыстың ерекшелігін жақсы түсінуге жол ашады. Осы мақсатта ІМАК мен ЕҰУ арасында тиісті меморандумға қол қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамыту үшін жастар мен студенттерге қолдау көрсетудің маңыздылығын бірнеше рет атап өткен еді. «Біз нарыққа қажетті мамандарды үздіксіз дайындауымыз керек – отандық жоғары оқу орындарға бұл басымдыққа ие міндет болуы тиіс. Айта кетейік, бүгінде әлемнің жетекші университеттерінде білім беру үдерісі тәжірибеге барынша жақын және студенттердің тың білімді өздері игеретіндей жасалып, стартаптар әзірлей алатындай жағдай қарастырылған», деп айтқан болатын Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйекте «Ғылым ордасы» орталығында өткен кездесуде.
Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында Еуразия ұлттық университетінде ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, ҚР ҚМ ІМАК төрағасы Ержан Мыңжасаров пен аталған университеттің ректоры Ерлан Сыдықов тиісті меморандумға қол қойды.
Бұған сәйкес ЕҰУ студенттері ІМАК құрылымдарында тәжірибе мен тағылымдамадан өту арқылы мемлекеттік аудиттің жұмысын көзбен көріп, аса маңызды тәжірибені жинақтай алады. Өз кезегінде мемлекеттік аудиторлар студенттер мен жас мамандарға қаржылық бақылау мен аудиттің заманауи әдістемелерін меңгеруге көмектесетін семинарлар мен тренингтер өткізу арқылы бар білгендерін үйретеді.
Тараптар білім беру бастамаларынан бөлек бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, бейіндік конкурстарға қатысу мен ішкі аудит саласында жаңа әдістемелерді әзірлеуге уағдаласты. Сондай-ақ қашықтан оқыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл көптеген студент пен мамандарға біліктіліктерін арттыруға септігін тигізеді.
Дәурен Маратұлы айтқандай, аталған меморандум жай ғана ресми келісім емес. Бұл болашақ мамандарды даярлау, ғылыми байланыстарды нығайту және Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіруге бағытталған практикалық тетік.
Бүгін Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырған «Өзекті институционалдық негіздер: мемлекеттік аудитті одан әрі дамыту» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Қаржы министрлігі ішкі аудитті жүргізу және электрондық аудит құралдарын қолдану мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Осылайша, 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне электрондық аудит енгізілді, өткен жылдың ортасынан бастап кейінгі-аудиттен алдын алу аудитіне көшу бойынша трансформация басталды. Қазірдің өзінде әр үшінші аудит қашықтан жүргізіледі.
Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты – бюджет қаражатын пайдалану процесін барынша ашық ету. Сондықтан мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы орайда, бюджетті жоспарлаудан бастап келісім-шарттық міндеттемелерді орындауға дейінгі процестерге камералдық бақылау енгізілуде, бұл үшін бірыңғай цифрлық платформа қолданылады.
Сонымен қатар, жақын арада ішкі мемлекеттік аудит комитетіне республикалық және жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін аудиттеуге өкілеттілік беріледі. Сондай-ақ жекелеген кәсіпорындарды тексерудің орнына экономиканың салаларын талдау тәсілі енгізілуде.
Даурен Кеңбеилдің айтуынша, заманауи ақпараттық жүйелер мен техникалық жаңалықтарды мемлекеттік аудит жұмысына интеграциялау мемлекеттік қаржының тиімділігін арттырып, сыбайлас жемқорлық схемаларының алдын алуға, мемлекет пен бизнес, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді.