Қаржы министрі М. Такиев сайлауда дауыс беруге 18 жасқа жақында ғана толған ұлы Асылжанмен бірге келді. Бұл – оның дауыс беруге алғаш рет қатысуы.
Азаматтық ұстаным мен ел болашағына деген жауапкершілік балла кезден, ең алдымен, отбасындағы жеке үлгі арқылы қалыптасады деп есептеймін. Баланың өз таңдауының маңызын ерте жастан түсініп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды.
Әр азамат үшін ел өміріне қатысу – тек құқық қана емес, жауапкершілік те. Өз таңдауын саналы түрде жасап, мемлекеттің дамуына үлес қосу – азаматтық ұстанымның маңызды бөлігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындайтын 2030 жылға дейінгі стратегиялық құжат – Ішкі мемлекеттік аудитті дамыту тұжырымдамасын алғаш рет бекітілді.
Тұжырымдаманың қабылдануы мемлекеттік басқаруды дамытудың маңызды кезеңі болып табылады және тәуекелдердің алдын алуға, тәуекелге бағдарланған тәсілге, цифрлық технологиялар мен деректерді талдауға негізделген ішкі мемлекеттік аудиттің заманауи моделіне көшуді білдіреді.
Жүргізіліп жатқан өзгерістердің тиімділігі нақты нәтижелермен расталуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудиторлық іс-шаралардың саны 7%-ға қысқарды, ал анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 76%-ға ұлғайды.
Сонымен қатар аудит жүргізілместен қабылданған превентивтік шаралар қолданылған бюджет қаражатының көлемі екі еседен астам өсіп, 200 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін жетті.
Мұндай үрдіс бақылау жүктемесін азайта отырып, тәуекелдерді анағұрлым дәл анықтауға мүмкіндік беретін интеллектуалды аудитке көшудің айқын дәлелі болып табылады.
Тұжырымдама мемлекеттік қаржының тиімді пайдаланылуын арттыруға, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мади Тәкиев атап өткендей, бүгінгі күні ішкі мемлекеттік аудитті дамыту тек бақылауды ғана емес, сонымен қатар тәуекелдерді уақтылы анықтауға және басқарушылық шешімдерді алдын ала қабылдауға мүмкіндік беретін тетіктерді қалыптастыруды талап етеді:
«Мемлекеттік аудиттің болашағы – технологияларда, сапалы деректерде және құқық бұзушылықтардың алдын алуда. Біздің міндетіміз – мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қоғамның мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіне деген сенімін арттыру».
Тұжырымдаманы іске асыру халықаралық озық тәжірибеге сәйкес келетін әрі Қазақстан Республикасының орнықты даму міндеттеріне жауап беретін заманауи ішкі мемлекеттік аудит жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан цифрландыруға басымдық бере отырып, ішкі мемлекеттік аудитті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастырып отырған өңірдегі алғашқы мемлекеттердің біріне айналуда.
Тұжырымдаманың толық мәтінімен Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/documents/details/1049460?lang=kk).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде салық және кеден аудиттерінің сапасын арттыруға және оларды жүзеге асыру кезіндегі қателіктердің алдын алуға бағытталған кеңес өтті. Кеңес Қаржы министрлігінің құқық қорғау тәжірибесін жетілдіру және бұзушылықтар санын азайтып, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыратын бірыңғай тәсілдерді әзірлеу бойынша белсенді күш-жігерінің бөлігі болды. Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен өткен іс-шара 2026 жылдың 3 тамызында Мемлекеттік кіріс комитетінде өтті. Күн тәртібінде салық және кеден аудиттерінің сапасы, сондай-ақ олардың шағымдарының нәтижелері талқыланды. Іс-шара Мемлекеттік кіріс комитетінің орталық аппараты мен салық және кеден аудиттерін тікелей жүргізетін аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференция арқылы өтті. Қаржы министрлігінің белсенді күш-жігерінің бөлігі ретінде жүйелік қателіктердің алдын алуға және аудит тәжірибесін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Кеңестің негізгі мақсаты салық және кеден заңнамасын қолдануға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, сондай-ақ аудит нәтижелерінің күшін жоюға әкелетін себептерді жою болды. Қаржы министрлігінің Апелляциялық департаментінің директоры Серік Айсин Апелляциялық комиссияның шағымдарды қарауы кезінде анықталған ең көп таралған бұзушылықтардың талдауын ұсынды. Сенімсіз салық төлеушілермен есеп айырысу, салық және кеден заңнамасын қолдану және тауарларды жіктеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар 2026 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа Салық кодексінің ережелерін, соның ішінде ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдетуге бағытталған түзетулерді дұрыс қолдануға ерекше назар аударды. ҚҚС қайтарудың жаңа ережелерін қолдану да талқыланды. Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері аудит сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде соттық қарауды қолдану, алдын ала аудит нәтижелері бойынша салық төлеушілердің жазбаша дәлелдерін қарау рәсімін оңтайландыру және іс-қимылдар тізбегін бақылаудың автоматтандырылған тетіктерін енгізу, рәсімдік мерзімдерді сақтау және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес құжаттарды жеткізу кезеңдерін тіркеу туралы хабарлады. Кеңесті қорытындылай келе, Қаржы министрінің орынбасары аудиторлардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту бойынша жүйелі күш-жігерсіз, үнемі оқытусыз, ұйымдастырушылық және мотивациялық іс-шараларсыз аудит қызметінің сапасын жақсарту мүмкін емес екенін атап өтті. Мұндай кездесулер бұзушылықтардың алдын алуға, салық және кедендік тексерулер кезіндегі қателіктер санын азайтуға, бірыңғай құқық қорғау тәжірибесін дамытуға және салық төлеушілердің құқықтарын қорғауды арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымы әр жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы және Қаржы вице-министрі болған Нұрлан Құсайынұлы Рахметовтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Нұрлан Құсайынұлы саналы ғұмырын еліміздің дамуына, оның ішінде мемлекеттік қаржы жүйесінің нығаюына қажырлы үлес қосқан көрнекті қайраткер еді. Оның қаржы ісі мен салық қызметін ілгерілетуге бағытталған бастамалары, кәсіби дағдылары саланың жанданып, тыңнан түрен салуға септігін тигізген болатын. Заңғар тұлғаның жарқын бейнесі, ел игілігі жолындағы адал еңбегі мен азаматтық болмысы әріптестерінің жадында мәңгі сақталады. Ауыр қайғыға байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайрат пен сабыр тілейміз!
Биылғы бірінші жартыжылдықта республикалық бюджеттің кірісі 100,6% орындалды. ҚР Үкімет отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бюджеттің орындалу нәтижелері қаралды. Алты айда атқарылған жұмыс қорытындысы туралы ҚР Қаржы министрінің м.а. Ержан Біржанов айтып берді. Айталық, трансферттерді есептемегенде республикалық бюджеттің кірісі 8,5 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,6%-ға орындалды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда кіріс көлемі 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға ұлғайды. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,3%-ға артты. 2025 жылдағы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда олардың көлемі 29%-дан асты немесе 1,9 трлн теңгеге көбейгенін айта кету керек. Кірістердің өсіміне сыртқы нарықтағы жайлы экономикалық ахуал мен сыртқы саудадағы белсенділіктің нығаюы, сондай-ақ салық базасының кеңеюі мен салық және кеден саласындағы басқару тиімділігінің артуы әсер етті. Қаржы министрлігінің қызметіндегі басымдыққа ие бағыттардың бірі – экономиканың ашық секторын кеңейту. Мәселен, «Халық бухгалтері» акциясы аясында 61 мыңнан астам салық төлеушіге консультациялық көмек көрсетілді. «Таза парақтан» бастамасы аясында 19 мың шағын және микробизнес субъектісінің 9,3 млрд теңге көлеміндегі өсімпұлы мен айыппұлы есептен шығарылды. Сонымен қатар, осы кезеңде шамамен 546 мың жеке тұлға тіркеуге алынып заңдастырылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда, бизнес субъектісінің көлемі жыл басынан бері 499 мыңнан асып, 2,9 млн-ға жетті. Қосылған құн салығын төлеушілердің қатары 22,3 мыңға артып, 158,2 мыңдай болды. Бұдан бөлек, Үкімет 2026–2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту және кедендік рәсімдерді цифрландыру бағытындағы жұмыстар да оң нәтиже беріп келеді. Жаңғыртылған өткізу пункттерінен өткен автокөлік құралдарының саны былтырмен салыстырғанда 18%-ға ұлғайып, шамамен 900 мыңға жетті. Кеден төлемдері 2,4 трлн теңгеге артып, 2025 жылмен салыстырғанда өсім 400 млрд теңгеге асқаны байқалған. «Өткізу пункттерін жаңғырту бюджет кірісін ұлғайтып, адал бизнеске жайлы жағдай қалыптастыруға және еліміздің транзит әлеуетін нығайтуға мүмкіндік берді. Келесі кезеңде кедендік процестерді одан әрі цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары жалғасады», – деді Ержан Ерікұлы. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2%-ға, ал республикалық бюджет шығыстары 99,6%-ға орындалды. Зейнетақы мен жәрдемақыға 3,6 трлн теңге, өңірлерді қолдауға 3 трлн теңге, нақты секторды қолдауға шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 1,8 трлн теңге көлемінде бюджет қаражатын қамтыған 541 аудиторлық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 456 млрд теңгеге қаржылық кемшілік анықталып, шамамен 318 млрд теңге көлеміндегі бұзушылық жойылды. Бұған қоса, мемлекеттік аудит саласында SMART AUDIT QAZAQSTAN біртұтас аналитикалық платформасы әзірленіп жатыр. Әлеуметтік саланы цифрландыруға да ерекше мән берілген. Бүгінде мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78%-ы цифрландырылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын барлық медициналық ұйым Qalqan бірыңғай порталына қосылды. Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, бюджеттің кірісін нығайту мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру бағытындағы кешенді жұмысты жалғастыратын болады.
2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорымен (ЕТДҚ) бірлесіп, MAPS (Methodology for Assessing Procurement Systems) халықаралық әдіснамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін бағалауға арналған кіріспе семинарын өткізді.
Семинарға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
MAPS әдіснамасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін алдыңғы бағалауды халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік банк, ЕЫДҰ, ЕҚДБ, ИДБ, АДБ) 2019 жылы өткізді.
Іс-шара барысында MAPS әдіснамасы шеңберінде қолданылатын бағалау жүргізудің мақсаттары, кезеңдері мен негізгі тәсілдері түсіндірілді.
Бағалау жүргізу мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесін жан-жақты талдауға, халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, оны одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудың ашық, тиімді және автоматтандырылған жүйесін дамыту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ашық үкімет қағидаттарын іске асыру аясында ашық деректерді қалыптастырып, жариялауды қамтамасыз етіп келеді.
Ашық деректер - дербес түрде пайдаланып, талдау мен қайта пайдалануға арналған машина танитын форматтағы ақпарат.
Бұл мәліметтер азаматтарға, бизнеске және сарапшылар қауымдастығына қоғамдық бақылауды жүзеге асырып, орынды шешімдер қабылдау мен цифрлы қызметтерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде министрлік https://data.egov.kz порталында 86 ашық дерек жиынтығын орналастырды.
Аталған мәліметтердің өзектілігі, толықтығы мен сенімділігі талапқа сай қамтамасыз етіліп келеді.
Ашық деректерді одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылдың 8 маусымдан бастап 19 маусымға дейін осы деректерге деген қажеттілікті анықтау үшін сауалнама арнайы жүргізіледі. Осы орайда ведомство төмендегі сілтемеге өтіп, сауалнамаға қатысуға шақырады: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7154
Сіздердің ұсыныстарыңыз бен министрлікпен тығыз байланыстарыңыз сұранысқа ие және пайдалы деректер жиынтығын қалыптастыру үшін маңызды.
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жасампаздық рухының, тұрақты даму мен жарқын болашаққа ұмтылыстың айқын көрінісі. Елордамыз жыл өткен сайын қарқынды дамып, ел бірлігі мен өркендеуінің маңызды орталығына айналып келеді.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілейміз. Елордамыздың мерейі үстем, Тәуелсіз Қазақстанымыздың келешегі кемел болсын!
Астана күні құтты болсын!
Жаңадан құрылған инвестициялық аймақты ресми түрде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров іске қосты. Бауырлас елдің басшысы айтқандай, бұл жобаның Қырғызстан экономикасын дамытып, инвестиция тарту мен жайлы іскерлік ортаны құру бағытында әрі халықаралық қаржылық ынтымақтастығын нығайтуда стратегиялық маңызы зор.
Аталған іс-шараға еліміздің делегациясын Мәди Такиев бастап барғанын айта кетейік. Бұл жиын екі елдің бизнес қауымдастығының байланыстарын кеңейтіп, жандандыруға бағытталған. Көршілес мемлекетпен өзара ынтымақтастықты күшейту ҚР Үкіметінің сыртқы экономикалық саясатындағы негізгі басымдықтарының бірі.
АҚИА ресми ашылуына Қазақстаннан бөлек, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Түрікменстанның ресми делегаттары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқанын атап өткен жөн.
«Тамшы» АҚИА Қырғызстанның Ыстықкөл облысында орналасқан. Оның аумағында салық салу, валюталық реттеу, кеденді басқару, көші-қон режімі және инвестициялық қызметті жүзеге асыру салаларында ерекше жағдайларды қолдануды көздейтін арнайы құқықтық режім қолданылады.
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Қырғызстанда іссапармен болып, Қазақстанның 4 санаторлы-курорттық нысанның құрылысын пысықтады.
Ведомство басшысы нысандардың қазіргі ахуалын, инженерлік және туристік инфрақұрылымның даму деңгейін, сондай-ақ оларды жаңғырту мен пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Әсіресе «Қазақстан» шипажайының құрылысына ерекше назар аударылды. Мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Аталған нысанды биыл төртінші тоқсанда пайдалануға беру жоспарланған. Осы жобаның нәтижесінде заманауи талаптарға толық сай келетін жаңа санаторлы-курорттық кешен іске қосылады деп межеленіп отыр.
Қалған 3 нысанға келсек, заманауи шипажайды салу мен жаңғыртуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл жобаларды іске асыру азаматтарға сапалы қызмет көрсетіп, тән сауықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ыстықкөл жағалауында еліміздің рекреациялық нысандарының туристік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.
Бұл сапардың қорытындысына сәйкес Мәди Төкешұлы қолға алынған жобаларды белгіленген мерзімде іске асырып, сондай-ақ мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану мен құрылыс жұмыстарының сапасына тұрақты бақылау жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма жүктеді.