Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Құжаттар
Комитеттер
Онлайн қабылдау
Все материалы
28 апреля 2025
АНОНС! Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі203 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 16 мамыр мен 26 маусым аралығында ішкі мемлекеттік аудит саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

 

 

26 апреля 2025
Қаржы министрлігінің ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл сәуір айынан бастап елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу тұрақты негізде қолға алынды. Оның аясында сенбіліктерден бөлек барлық қала мен ауылды жерлерде абаттандыру мен көгалдандыру бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастырылып келеді.
Бұл орайда Қаржы министрлігінің қызметкерлері де бұл акциядан қалыс қалмай саябақтар мен тұрғын алаптарын тазалау жұмыстарына белсенді қатысты. Экологиялық іс-шараның барысында қалдықтардың едәуір мөлшері жиналып, тратуарлардың жанындағы учаскелер тазартылды. Осы ретте мұндай акциялар бүкіл ел бойынша қолайлы және жайлы жағдай жасауға көмектесетінін айта кетейік.

25 апреля 2025
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеилдің Халықаралық Валюта Қоры мен Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы көктемгі кездесулеріне қатысуы бойынша қорытынды

ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил биыл
 22-24 сәуір аралығында Вашингтонда (АҚШ) Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банктің (ДБ) көктемгі кездесулеріне қатысты.
Қазақстандық делегация құрамында болған Қаржы вице-министрі ХВҚ-да Қазақстаннан балама басшы ретінде ХВҚ Швейцарлық топтың жиналысына қатысып, сондай-ақ ХВҚ Басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Күн тәртібінде экономика және даму, әлемдік экономиканың қазіргі өзекті мәселелерін шешуге байланысты халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Ресми іс-шаралардың барысында Дәурен Маратұлы негізгі халықаралық қаржы институттары мен ірі инвестициялық компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Онда Қазақстандағы экономикалық әріптестікті дамыту мен реформаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ДБ-тың Еуропа мен Орталық Азия бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен әріптестіктің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа еларалық стратегиясын дайындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы 5 жылға арналған басымдықтары, сонымен бірге бірлескен перспективалы жобаларды іске асыру жолдары пысықталды.
Бұған қоса Д.Кеңбеил Көпжақты инвестициялық кепілдік агенттігінің операциялар жөніндегі вице-президенті Джунаид Камал Ахмадпен және Халықаралық қаржы корпорациясының аймақтық директоры Вебке Шломермен (ДБ тобына кіреді) келіссөздер жүргізді.
Тараптар өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейтуге әрі жобаларды белсенді іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді.
Ал ДБ Қазынашылықтың капитал нарықтары және инвестициялар жөніндегі директоры Джордж Ричардсонмен өткен кездесуде займ алу құнын төмендетудің, ДБ-тің қаржы құралдарын, оның ішінде ұлттық валютада қаржыландырудың өзекті мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек JP Morgan, Morgan Stanley, Fidelity Investment, Artisan Partners және Schofield Group өкілдерімен болған кездесулерде қаржы нарықтарының халықаралық ахуалы жайлы айтылды.
S&P және Fitch жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктерінің өкілдерімен келіссөздер шеңберінде тараптар макроэкономикалық ахуал мен Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, халықаралық қаржы нарықтарында қалыптасқан жағдай бойынша пікір алысты.

23 апреля 2025
Мәди Такиев пен Ержан Біржанов Қазақстан ҰОК атқарушы комитетінің жаңа құрамына енді

Бірқатар спорттық ұйымның басшылық құрамындағы және басқа да кадрлық өзгерістерге байланысты атқарушы комитеттің құрамын қайта қарау әрі жаңарту туралы шешім қабылданған болатын.

Бас ассамблеяның қорытындысы бойынша атқарушы комитеттің жаңартылған құрамы бекітілді. Оның қатарында Қазақстан волейбол федерациясын басқарып келе жатқан Қаржы министрі Мәди Такиев пен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов (таяуда Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды) бар.
Бұдан бөлек Бас ассамблеяның қатысушылары ұйымның операциялық қызметін жетілдіруге бағытталған жарғыға енгізілген өзгерістерді қарап, мақұлдады.

22 апреля 2025
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды

Мұндай шешім «Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясында қабылданды.

Бұған дейін Ержан Ерікұлы Астана қаласының триатлон федерациясын басқарған, сондай-ақ Қазақстанның велосипед спорты федерациясының вице-президенті болған.

«Триатлон өз-өзіңді жеңуге, тән мен сана арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әрі күш пен табандылықты арттыруға үйретеді. Әр сайыс – жай ғана жарыс емес, бұл мықты, төзімді болуға әрі өзіңді жетілдіруге жола ашатын мүмкіндік», деді Е.Біржанов.

 

18 апреля 2025
Қаржы министрлігі өңірлерде қызметтік әдепті арттыруға бағытталған шараларды күшейтіп жатыр

ҚМ Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаментінің директоры Қайрат Орынханов Әдеп жөніндегі уәкіл Кәмшат Арыстанбековамен бірлесіп,өңірлерде арнайы кездесулер өткізді. Оның мақсатысыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау саласындағы алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Сапар кезінде ведомство өкілдері Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері мен аудандық басқармаларының қызметкерлерімен кездесті.

Бұл іс-шара арқылы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң саласындағы бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ Қаржы министрлігінің беделін көтеру көзделгенді. Тұтастай алғанда, аталған кездесулер мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексін, қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.

Оның барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп,мемлекеттік қызметшілердің этикасы, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер министрлікте тұрақты түрде өткізіліп келеді. Өйткені оның жұмыс процесін жақсартып, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жол ашады.

 

 

18 апреля 2025
ЕАЭО-да мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығын құру қолға алынды

ҚР Қаржы министрлігі ЕАЭО аясында бірыңғай нарықты құру мен оның жұмысына байланысты бағалау қызметі туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын әзірледі. Мүлікті бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығы 2025 жылдың соңына дейін өз қызметін бастайды деп көзделген.

Тиісті түзетулер таяу арада ҚР Парламентінің қарауына енгізілетін болады. Аталған реформа Парламент Сенатының алаңында депутаттардың, Қаржы министрлігінің, бағалаушылар палаталарының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелде талқыланған болатын.

Мәселен, кеңес барысында Еуразиялық экономикалық кеңес шеңберінде мүлікті бағалау бойынша қызметтердің бірыңғай нарығын ашу жөніндегі нормалар, сондай-ақ заңнаманы жақсартуға бағытталған құқықтық практикаға сайкелтіруді қамтамасыз ететін нормаларды нақтылау мен оңтайландыру бөлігіндегі басқа да түзетулер пысықталды.

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО аясында бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығын құру ұйымға мүше елдердің аумағындағы нысандардың инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді.

15 апреля 2025
Қаржы министрлігінде тәлімгерлік институтты дамыту жөніндегі бастамалар қолдау тауып, табысты жүзеге асырылып келеді

Айталық, білікті мамандардың жас қызметкерлермен тәжірибе алысып, білім берудегі рөлі зор. Өйткені олардың ұзақ жылдан бері жинақтаған мол тәжірибесі мен кәсіби дағдысы мамандардың буын алмасуында маңызды орын алады.  

Ведомствоның ұжымы осындай аса білікті қызметкерлердің бірі Қалжан Шегібаеваға құрмет көрсетіп, салтанатты түрде еңбек демалысына шығарып салды. Өз ісіне шебер азаматша Қаржы министрлігі Құжат айналымы департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасында бас маман ретінде жұмыс істеп, ведомствода табан аудармай 30 жылдай еңбек етті.

Ұжым қызметкерлері арасында ол сауатты, жауапкершілігі мол қызметкер әрі қиын кезде қолдау көрсететін жанашыр адам ретінде беделге ие. Мүлтіксіз еңбегі үшін оған ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі табысталды.

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды министрдің атынан және тұтастай ұжымның атынан Қалжан Құдайбергенқызына ұзақ жылғы адал қызметі мен мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен ризашылығын жеткізіп, құрмет көрсетті.

12 апреля 2025
Қаржы министрі Мәди Такиев Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-де ашық дәріс өткізді

Қаржы министрі Мәди Такиев Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінде (бұдан әрі - ЕҰУ) Экономика факультетінің студенттеріне ашық дәріс оқыды. Аталған дәріс ведомство мен университет арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.

ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағдарламалары тәлімгерлік институттарын дамытып, жас ұрпаққа қолдау көрсетуге оң әсер етеді. Өз кезегінде жастар мемлекеттік басқару саласын жедел цифры трансформациялап, елімізде IT-инфрақұрылымды құру бойынша озық тәжірибелер мен құралдарды енгізіп, таратуға септеседі.

Айталық, министрлік бірнеше жылдан бері мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі мен қауіпсіздігіне басымдық бере отырып, цифрлы жаңашылдықтарды белсенді түрде енгізіп келеді. Кейінгі үш жылда ведомство мемлекеттік қаржы жүйесін әкімшілендіруді оңтайландырып, жеке және заңды тұлғалар үшін жайлы сервистер құруға бағытталған көптеген цифрлы шешімдерді іске қосты. Бұл жобалар қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға және мемлекеттік органдармен өзара байланысты қарапайым, жылдам әрі ашық етуге жол ашады.

Мәселен, салықты әкімшілендіру ісін тиімді басқару салық төлеуден жалтарудан септесіп, көлеңкелі экономиканы азайту арқылы бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша министрлік мемлекеттік бюджетке 21,5 трлн теңге көлемінде салық түсімін түсірді. Бұл жоспардың – 100,7%. Осы ретте көлеңкелі экономика деңгейі ІЖӨ-ге шаққанда 17,5% дейін төмендегенін айта кетейік. Сонымен қатар заманауи цифрлы құралдар есеп-қисап ұсыну мен салық органдарымен өзара әрекеттесуді жеңілдетіп келеді. Нәтижесінде кәсіпкерлерге ҚҚС қайтару 2023 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артып, 1,2 трлн теңгеге жетті.

Кедендік әкімшілендіру саласында тәуекел профильдері жетілдіріліп, бұл жүктерді дәстүрлі форматта тексеру қажеттілігін едәуір азайтты. Бұған қоса қағаз құжатысыз транзитке байланысты жоба енгізіліп жатыр. Оның да тиісті тексерулерді азайтуда септігі мол. 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке салық және кедендік әкімшілендіру шараларынан 1 280 млрд теңге көлемінде қосымша түсім түсті.

Мемлекеттік сатып алу процесіне цифрлы тетіктерді енгізу мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторға қажетті процесті жеңілдетіп қана қоймай оның ашықтығын арттырып, сын-қатерді барынша азайту мен келісімшарттардың орындалуын жеделдетуге жол ашады. Қазір жасанды интеллект (бұдан әрі - ЖИ) көмегімен тауарлар мен қызметтерге сұранысқа талдау жасалып, мемлекеттік сатыпалым қатысушыларының іс-қимылында қандай да бір ауытқулардың бар-жоғы анықталады, бағаны көтеруге арналған ұсыныстарға талдау жасалып, сәйкестендіріледі және т.б.

Министрдің айтуынша, жаңа салық саясаты бизнеске, әсіресе ШОБ-қа жайлы жағдай жасап, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыра алады. Айталық, салық түрлерінің көлемі 11 дейін азаяды. Бүгінде кәсіпкерлер мемлекеттік баждың 113 мөлшерлемесін төлеп жүр. Салық реформасы арқылы олардың саны 62-ге дейін төмендейді.

«Қолға алынған салық реформасы жүктемені неғұрлым әділ бөлуді қарастырады: көп табатындардан қажетті соманы алып, кірісі аз кәсіпкерлерден, шағын бизнестен әрі халықтың осал топтарынан төмен мөлшерде. Қаржы министрлігінің цифрлы және тиімді бастамаларын енгізу арқылы мемлекет білім беру мен медицина саласын, инфрақұрылымды жақсартып, басқада негізгі бағыттарды тұрақты түрде қаржыландыруға мүмкіндік алады. Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстанның келешегі -  креативті, интеллектуалды,білімді, уақыт тынысын сезетін жастардың қолында. Сіздерге қарқынды түрде дамып келе жатқан цифрлы дәуірде өмір сүруге тура келеді. Дәл сіздер егемен еліміздің болашағын айқындайтын сәулетшілерге айналатындарыңызға кәміл сенімдімін», деді Мәди Төкешұлы.

Дәріс аяқталғаннан кейін студенттер ведомство басшысына көкейдегі сұрақтарын қойып, қаржы саласын цифрландыру перспективаларына байланысты, сонымен бірге салықты әкімшілендіру ісіне, инвесторлар ағыны, қаржы секторындағы үрдістер бойынша пікір алысты.

09 апреля 2025
Алматы мен Сиань кедендерінің өкілдері Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері Сиань қаласынан келген кеден қызметінің делегациясымен (ҚХР) кездесті. Оның барысында кедендік әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен трансшекаралық сауданың өзекті мәселелері талқыланды.

Келіссөздердің барысында тараптар кеден рәсімдерінің тиімділігін арттыру, жүктерді жедел рәсімдеу жолдарын, сондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті күшейту жөніндегі шараларды пысықтады. Екі жақтың өкілдері осы бағыттағы озық тәжірибемен және тың шешімдермен бөлісті.

Сонымен қатар кездесуде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат екі елдің ведомстволары арасындағы серіктестікті дамытуға жол ашып, кедендік рәсімдерді жеңілдету мен халықаралық саудаға жайлы жағдайлар жасауға оң әсер береді.

Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар өзара байланысты күшейтуге және кедендік әкімшілендіру саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

 

 

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты