Меню
Страницы

Баспасөз релизі ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары

Баспасөз релизі

ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының   

2021 жылғы жұмыс қорытындылары

  

2021 жылы Апелляциялық комиссияның 35 отырысы өткізіліп, 432 шағым қаралды, салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушыларының дәлелдері қолдау тапты және 118 шағым бойынша тексеру нәтижелері жойылды, бұл қаралған шағымдардың жалпы санының 27% құрайды.

2021 жылғы апелляциялық комиссияның отырыстарына салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушыларының 193 өкілі қатысып, өздерінің дәлелдерін Апелляциялық комиссияның мүшелеріне жеткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми сайтында (www.minfin.gov.kz) «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау практикасы» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 667 шешім орналастырылды, оның ішінде 2021 жылға 168 шешім орналастырылды. Бұдан басқа, «Қазақстандағы салықтар» және «KZ есеп» бизнес-қоғамдастығының интернет-ресурстарында салықтық және кедендік даулар бойынша 349 шешім орналастырылды.

2021 жылы Бизнес ұсыныстарын ескере отырып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, Апелляциялық комиссияның құрамына қосымша бизнес-қоғамдастықтың екі өкілі - Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының (ҚСтҚ) Басқарушы кеңесінің төрағасы және «Қазақстандық кеден брокерлері қауымдастығы (өкілдері)» ЗТБ (ҚКБҚ) кеңесінің төрағасы енгізілді.

Социальные медиа
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері