Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудитордың мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу туралы бұйрық шығаруға құқығы бар ма? Егер болса, онда мемлекеттік аудитордың мұндай өкілеттігі қандай заң нормаларында қарастырылған?

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының (бұдан әрі – Мемаудит Заңы) 36 -бабының 1 тармағында көзделген.

Заңның 5 - бабының 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару мемлекеттік қаржылық бақылаудың шаралары болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген) 14 қосымшасында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі ведомствоның/оның аумақтық бөлімшесінің басшысы қол қойылған  анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама нысаны бекітілген.

Шарттың жобасына, жасалған шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ шартты бұзу жөніндегі негіздер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – СА Заңы) 18 - бабында көзделген.

СА Заңының 23 - бабының 4 тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде мынадай шаралар қабылдайды:

1) бақылау объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама, хабарлама жібереді;

2) міндеттемелері тиісті түрде орындалған шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.

Дата публикации
29 июня 2026
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
09 октября 2026
«HFJG-150Jet анкерлік цементтеуге арналған бұрғылау қондырғысы» тауарды сыныптау
Пайдалы ақпарат
09 октября 2026
«HFJG-150Jet анкерлік цементтеуге арналған бұрғылау қондырғысы» тауарды сыныптау
Пайдалы ақпарат
24 сентября 2026
Табыстарынан төлем көзінен ұсталатын КТС- роялти

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері