«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) Заңның 1-бабының 1-тармақшасына сәйкес бағалау - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау.
Заңның 1-бабының 11-тармақшасына сәйкес бағалаушы – кәсіптік қызметін бағалаушылар палатасы берген «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің негізінде жүзеге асыратын және бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке тұлға.
Бағалау туралы есеп – жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған жазбаша құжат (Заңның 1-бабының 9-тармақшасы).
Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 501 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - №501 бұйрық).
Заңның 14-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес бағалаушы бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден бағалау объектiсіне, сондай-ақ бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттамаға толық көлемде қолжетiмдiлiкті қамтамасыз етудi талап етуге құқығы бар.
Заңның 15-бабының 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес бағалаушы өз құқығын басқаға сеніп тапсырмай, бағалау объектiсін тiкелей зерттеп-қарауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ол бойынша құжаттаманы зерделеуге міндетті.
№501 бұйрықтың 11-тармағына сәйкес есепке қосымшаларда мыналар қамтылады:
1) бағалау объектісін тексеру актісі (тексеру актісі материалдық объектілер үшін жасалды), онда бағаланатын объектіні тексеру күні, бағалау объектісінің мекенжайы, бағаланатын объектінің негізгі сипатының сипаттамалары, бағалау объектісін және бағалаушы, бағалаудың тапсырыс берушісі және үшінші тұлғалар қол қойған оның нақты жай-күйін (бар болған және тексеруде қатысқан кезде) толығымен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де ақпарат. Қол қоюдан бас тартқан кезде, бағалаушы фактіні тексеру актісінде тіркейді;
2) бағалау объектiсiнiң фотосуреттерi (тек жылжымайтын мүлiк, көлiк, жабдық және басқа да материалдық объектілер үшiн);
3) интернет желісінен алынған ұқсас объектілердің бағалары туралы мәліметтер мен хабарландыруларға сілтемелер қамтылған компьютердің жұмыс үстелінің фотосуреттері (скриншот);
4) есеп айырысу кестелерi (олар бар болса) және/немесе егер есепте келтірілмесе;
5) кәсiпорын активтерінің тiзбесi және олардың нарықтық құны бар (қажет болса) кестелер;
6) бастапқы деректерді растайтын құжаттар.
Бұл ретте, №501 бұйрықтың 12-тармағына сәйкес егер:
тапсырыс берушi бағалау объектiсіне, сондай-ақ бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаға толық көлемде қолжетімділіктен бас тартқанда;
тапсырыс берушi бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi қосымша мәлiметтерді ұсынудан бас тартқанда;
үшінші тұлғалар мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау нәтижелерінің дұрыстығына айтарлықтай әсер ететін бағалау жүргізу үшін қажетті жазбаша немесе ауызша нысандағы ақпаратты беруден бас тартқанда бағалаушы мәлiметтерді есепте көрсетедi.
Заңның 15-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында бағалаушы оның ішінде бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және бағалау қызметі стандарттарының талаптарын сақтауға міндетті.