Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының (ҚР ҚМ 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығы) 187-тармағына сәйкес мемлекеттiк мекеме дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу қорытындысы бойынша сатып алушылармен және тапсырыс берушiлермен шарттар бойынша күмәндi берешектi өндiрiп алу жөнiндегi жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, түгендеу комиссиясы актiсiне сәйкес қабылданған мемлекеттiк мекеме басшысы шешiмiнiң негiзiнде есептi кезеңнiң аяғында тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу немесе жеткiзудiң мерзiмi өтуi туындаған кезде резерв құрады:
180 күннен 1 жылға дейін – берешек сомасынан 50 %-ы мөлшерінд
1 жылдан астам - берешек сомасынан 100 %-ы мөлшерінде.
223 қағидаларының 190 -тармағына сәйкес дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша мынадай:
1) дебиторлық берешек:
өндіріп алуға сот бас тартқан, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебі бойынша;
мүліктің жетіспеуіне байланысты борышкерді таратқан кезде қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін кредит беруші мәлімдемеген;
егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылса, егер атқару борышкердің жеке қатысуысыз жүргізіле алмаса немесе міндеттеме борышкердің жеке басына басқаша ажыратусыз байланысты болса;
төрелік шешімдерінің не тараптар арасында дауды бейбіт реттеу туралы келісім жасасу негізінде; Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 7-тармағына сәйкес оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негізінде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп айырысуларды түгендеу актісін (онда басшының бұйрығына сәйкес комиссия құрамы, дебиторлардың және кредиторлардың атауы, берешектің сомасы, пайда болуын уақыты мен себебі көрсетіледі), сондай-ақ түгендеу комиссиясы хаттамасының негізінде бұл туралы 10 (он) күн мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарлай отырып, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.
Есептеп шығарылған дебиторлық берешек 04 "Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі" баланстан тыс шотына көшіріледі.